Жетекші инженер-бағдарламашы

«Қазақтелеком» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
71

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ДТК бағдарламалық құралдарын техникалық қолдау үшін пайдаланылатын желілік жабдықтар мен серверлердің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;

  • ДТК жауапкершілік аймағындағы Lotus серверінің жұмысқа қабілеттілігін мониторингтеу және бақылау;

  • Ақпараттық жүйелердегі ақаулар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау, оларды жою және алдын алу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

  • ДТК қолданбаларының, деректерінің және бизнес-процестерінің архитектурасын диагностикалауға қатысу;

  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану, желіде жұмыс істеу және кеңсе техникасын қолдану мәселелері бойынша пайдаланушыларға әдістемелік және техникалық көмек көрсету, оқыту және консультация беру;

  • ДТК-де қолданылатын бағдарламалық құралдарға техникалық қолдауды үйлестіру және бақылау;

  • Өлшеу құралдарының жай-күйін, дұрыс пайдаланылуын және сақталуын бақылау, олардың уақтылы тексерілуін, калибрленуін және сервистік қызмет көрсетілуін ұйымдастыру;

  • Жабдық иелері болып табылатын бөлімшелерді тарта отырып, анықталған проблемаларды жою бойынша жұмыстарды бастау;

  • Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын және компанияның ішкі нормативтік құжаттарын сақтау.

Талаптар:

  • Мамандық бойынша жұмыс өтілі — кемінде 3 жыл;

  • Қазақ тілі — еркін меңгеру;

  • Орыс тілі — еркін меңгеру;

  • Ағылшын тілі — базалық білім.

  • Жауапкершілік, адалдық, оқуға қабілеттілік және кәсіби дамуға ынталылық.

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасындағы ең ірі Телекоммуникациялық Компанияда жұмыс;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмыспен қамту;
  • Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
  • Уақтылы жалақы;
  • Жақсы әлеуметтік пакет;
  • Жыл сайынғы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күн;
  • Еңбек демалысына материалдық көмек.