Зерттеу жұмыстары бөлімінің аға ғылыми қызметкер
«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
- Сапа, қоршаған ортаны қорғау, кәсіби денсаулық және еңбек қауіпсіздігі, сондай-ақ энергия менеджменті саласындағы мақсаттар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- Интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) жұмыс істеу процестерін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
- ИМЖ-ны сертификаттау, қайта сертификаттау және инспекциялық аудиттерге дайындау;
- ИМЖ-ның ішкі нормативтік құжаттарын, нұсқаулықтарды, әдістемелік материалдарды және процедураларды әзірлеу және жаңарту;
- Ішкі аудиттер бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу, құрылымдық бөлімшелердің ішкі аудиттерін жүргізу;
- Ішкі аудиттердің нәтижелерін талдау, түзету және алдын алу шараларының орындалуын бақылау;
- ИМЖ процестерін әзірлеу, енгізу және жетілдіру мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерді әдістемелік сүйемелдеу;
- Сапа, экология, еңбек қорғау және энергия менеджменті саласындағы мақсаттарға жетуді және іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу;
- Басшылық тарапынан талдау жүргізу үшін деректерді жүйелеу және талдау;
- ИМЖ құжаттарының өзектілігін бақылау және нормативтік базаны жүргізу;
- ИМЖ-ны халықаралық стандарттар ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 және ішкі нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
- Тәуекелдерді басқару бойынша қызметті үйлестіру, процестерді мониторингтеу және ішкі бақылаулардың орындалуын бақылау.
Талаптар:
- Сапа менеджменті, ішкі аудит, тәуекелдерді басқару, стандарттау және сертификаттау саласында жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
- Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын білу;
- Халықаралық стандарттар ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001, ISO 19011 және сәйкес ұлттық стандарттарды білу;
- Интеграцияланған менеджмент жүйесінің жұмыс принциптерін, процестік басқаруды және ішкі аудитті білу;
- Нормативтік құжаттаманы әзірлеу және талдау дағдылары;
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint, Project), Lotus Notes бағдарламаларын сенімді пайдаланушы;
- Мемлекеттік тілде лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде меңгеру;
- Жауапкершілік, аналитикалық ойлау, коммуникабельділік, ұйымдасқандық, бастамашылдық, стреске төзімділік, командада жұмыс істей білу және нәтижеге бағдарлану.
Шарттар:
- Қазақстан Республикасындағы ең ірі телекоммуникациялық компанияда жұмыс;
- Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Уақытында жалақы төлеу;
- Жақсы әлеуметтік пакет;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы — 30 күнтізбелік күн;
- Еңбек демалысына материалдық көмек;
- Кәсіби және мансаптық дамуға мүмкіндік
Ұқсас вакансиялар
«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының Алматы өңірлік орталығының телекоммуникациялар тобының байланыс тораптары секторының инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
19.06.2026 | 127
Жалақы көрсетілмеген
HR менеджері
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
18.06.2026 | 169
Бухгалтерлік есеп және есептілік жөніндегі директордың орынбасары
«Қазақтелеком» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
15.06.2026 | 289