Chief Accountant - Бас бухгалтер

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
841

   Конкурс туралы

Міндеттері:

- Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметінің есебін ұйымдастыру;
- Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ішкі актілерді: есептерді, шығыс хат-хабарларды, төлем және басқа құжаттарды дайындау және бекіту (қажет болған жағдайда);
- уәкiлеттi органдарға нормативтiк және өзге де ақпараттың толықтығын, дұрыстығын және уақтылы берiлуiн бақылау;
- нормативтік есептілікті автоматтандыруды ұйымдастыру;
- Орталықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін реттейтін ішкі актілерді әзірлеуге және бекітуге қатысу;
- Орталықтың құрылымдық бөлімшелері мен басшылығының сұранысы бойынша талдамалық, анықтамалық ақпаратты дайындау;
- уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде ХҚЕС сәйкес жылдық қаржылық есептілікті жасау;
- уәкілетті органдардың Орталық қызметін кешенді және тақырыптық тексерулері, тәуелсіз сыртқы аудитордың жыл сайынғы тексерулері кезінде ақпаратты, стенограммаларды, түсініктемелерді (оның ішінде ауызша) ұйымдастыру және дайындау;
- АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасын және оған Орталықтың қызметіне қатысты өзгерістерді талдау және қажетті шараларды қабылдау үшін құрылымдық бөлімшелерге ұсынымдар әзірлеу (ішкі ережелерге, нормативтік құқықтық актілерге және т.б. өзгертулер);
- Орталық басшылығының тапсырмасы бойынша және Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің жазбаша сұранысы бойынша бас бухгалтердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорытындылар дайындау;
- Орталық басшылығына ақпарат, қорытындылар мен ұсыныстар дайындау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа да ұйымдардың сауалдарына жауаптар дайындау;
- Орталықтың ішкі тәртібі мен ережелеріне және Орталық басшылығының нұсқауларына сәйкес өзге де функциялар.

Талаптар:

- экономика, есеп немесе аудит және қаржы саласындағы жоғары кәсіптік білім;
- Қаржы-экономикалық мамандықтар бойынша магистр дәрежесінің болғаны абзал;
- Қаржы және бухгалтерлік есеп саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Ұлттық компанияларда және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі;
- Халықаралық қаржылық есеп беру (DipIFR) бойынша диплом;
- ACCA сертификаты қажет (немесе алу процесінде);
- Тілдерді еркін меңгеруі: қазақ және орыс тілдері. Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде білу. 

Шарттар:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • - коммуникабельность и обратная связь;
  • *стрессоустойчивость
  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность
  • Нацеленность на достижение положительного результата

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп
  • Жобаларды басқару