Қаржы Департаментінің менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
- Ақша позициясының және ВСДС көлемі туралы ақпаратты жинау және ұсыну үдерісін үйлестіру;
- Серіктестіктің ақша позициясын және орналастырылған ВСДС-ті талдау мен бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
- Серіктестіктің өтімділік тәуекелін басқару үдерісін үйлестіру;
- Серіктестіктің екінші деңгейлі банктердегі (ЕДБ) лимиттерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және іске асыру;
- ВСДС орналастыру және операциялық қызметті қамтамасыз етуге қажетті ақша қаражатының жеткілікті деңгейін қолдау үдерісін үйлестіру;
- Серіктестіктің бекітілген төлем күнтізбесіне және кассалық жоспарына сәйкестігін бақылау мақсатында төлемдер мен есеп айырысуларға мониторинг жүргізу;
- Серіктестіктің сыртқы қарыз алуын ұйымдастыру үдерісін үйлестіру;
- Несие желілерін ашу мақсатында ЕДБ-мен және қаржы институттарымен келіссөздер жүргізу үдерісін үйлестіру;
- Валюталық айырбастау операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша Серіктестіктің қызметін үйлестіру;
- Төлемдер тізілімін қалыптастыру үдерісін үйлестіру;
- Серіктестіктің облигацияларын шығару, орналастыру және өтеп алу/қайта сатып алу жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру;
- Серіктестіктің акцияларын шығару және орналастыру жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіру;
- Инвесторлар мен кредиторларға ақпаратты уақтылы ұсыну үдерісін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне есептілікті ұсыну үдерісін үйлестіру;
- Серіктестіктің уәкілетті органының құзыреті шегінде шешім қабылдау үшін материалдарды әзірлеу және келісу үдерісін үйлестіру;
- Қазынашылық және корпоративтік қаржы бағыттары бойынша жыл сайынғы аудитке қатысуды қамтамасыз ету;
- Қазынашылық және корпоративтік қаржы бойынша есептік деректердің дұрыстығы тәуекелдерін және басқарушылық ақпараттың сапасын айқындау үдерісін үйлестіру;
- Қазынашылық және корпоративтік қаржы бағыттары бойынша ERP жүйелерін енгізуге қатысу;
- Валюталық, пайыздық, қаржылық және кредиттік тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар енгізу үдерісін үйлестіру;
- Серіктестіктің ашық валюталық позициясын талдау үдерісін үйлестіру;
- «Жасыл» қаржыландыру нарықтарын, оның ішінде халықаралық нарықтарды талдау және ESG-қаржыландыру тарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үдерісін үйлестіру;
- ESG-қаржыландыру бойынша есептік құжаттарды дайындау үдерісін үйлестіру;
- ESG-қаржыландыру саласында Серіктестіктің мүдделерін кредиторлар мен инвесторлар алдында ұсынуды, сондай-ақ Серіктестіктің ESG саласындағы қаржыландыруын пысықтау және іске асыру мақсатында стейкхолдерлермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- Серіктестіктің қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында рейтингтік агенттіктер мен кредиторлардың ұсынымдарының орындалуын мониторингтеу үдерісін үйлестіру;
- Ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру және келісу үдерісін үйлестіру;
- Қор мен Серіктестіктің қаржылық есептілігін аудиттен өткізу шеңберінде қаржылық және қаржылық емес ковенанттардың орындалу барысы туралы стейкхолдерлерге есепті ұсыну үдерісін үйлестіру.
Талаптар:
- Экономика/қаржы саласындағы жоғары кәсіби білім.
- Халықаралық сертификаттардың (CFA / ACCA / CMA / CIMA / CCT) болуы құпталады.
- Кәсіби қаржы саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Білім және дағдылар:
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС);
- Ақша ағындарын басқару;
- ЕДБ-мен және қаржы құралдарымен жұмыс істеу;
- Қазынашылық операциялары;
- Цифрлық және талдамалық құзыреттер.
Шарттар:
5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
Газ химиясы жобаларын басқарудың жетекші маманы
«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
08.12.2025 | 76
Қаржы департаментінің бас менеджері
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
08.12.2025 | 705
Экономист, Сектор экономики и планирования
ТОО QazCloud | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
21.11.2025 | 935