Банктік есеп айырысу бөлімінің Менеджері (жасалған аванстық төлем талаптарын тексеру, төлемге бастапқы құжаттарды тексеру, интернет-банкингте жұмыс істеу)

"Казпочта" АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
491

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Төлем үшін алынған тізілімдерді тексеру (қаржылық жауапты тұлғалардың қолдарының болуы және оны растайтын бастапқы құжаттардың болуы, сәйкестігі - төлем шоттары / шот-фактуралар, төлем шоттары және басқа да бастапқы құжаттар)
    - SAP ERP жүйесінде жасалған БТТ ақпаратын төлем тізіліміндегі мәліметтермен тексеру;
    - БТТ мақұлдау, БТТ-ны «А-блок» - тан «P-төлем мүмкін»деп , егер БТТ дұрыс қалыптаспаған болса «К-төлем қабылданбады» деп өзгертеді, бұл өзгеріске қоғам қызметкерлеріне іссапарлық ақы аударуға және жалақы аударуға арналған БТТ кірмейді .
    - Бекітілген төлемдерді SAP ERP жүйесінің FI модулінде төлемдердің автоматты жүйесін жүргізу.
    - Әріптік-сандық таңбалардан тұратын ерекше кодты тағайындау. Әріптік таңбалар - қызметтердің қысқартылған атауы, сандық таңбалар - сериялық нөмірлер
    - «SAP ақпараттық журналында» жүйе нөмірлерін тіркеу.
    - Интернет-банкингке ақпаратты жүктеу үшін SAP ERP жүйесінен файлдарды жүктеу және SAP желілік қалтасына сақтау (10/32/100/58),
    - Интернет-банкингте жүктелген төлем тапсырмаларын тіркеу және қол қою операцияларын жүргізу
    - Интернет-банкингтен жүктелген төлемдерді КИС Colvir-дегі Кассалык Есеп Айырысу Операциялары модулінде жүргізу;
    - ИБ жүйесіне файлдарды жүктегеннен кейін, SAP ERP жүйесінен тек сандық таңбалардан тұратын төлем тапсырыс нөмерлері тағайындалған ақпараттық файлдарды беру және Персоналмен өзара есеп айырысу бөлімінің төлемдері бойынша төлемдердің автоматты жүйесін жүргізу;
    - «Бухгалтерлік есеп бойынша жүктеуден кейінгі өңдеу, 1030070011 және 1030070012 бухгалтерлік есептерді теңестіру – тапсырмадағы қателіктерді өңдеу және 3390220000 бухгалтерлік есебі бойынша кіріс төлемдерін орналастыру;
    - Әкімшілік – шаруашылық қызметтің өзара есеп айырысуы бойынша валюталық операцияның КИС “Colvir” – де көрсету;
    - Аудиторлық сұраныстарды уақтылы орындау;
    - Қайтарудың толық себебін көрсете отырып, өңделмеген төлемдер туралы ақпарат жинақтау;
    - «Қазпочта» АҚ басшылығының және филиал директорының тапсырмаларын саналы, уақтылы және тиімді орындау, Жұмыс берушінің актісі, Қоғамның ішкі құжаттары мен жарғы талаптарын сақтау;
    - Өз міндеттерін тиімді орындау, кәсіптік және іскерлік этиканың барлық нормаларын сақтау («Қазпочта» АҚ Іскерлік этика кодексі және Қоғамның басқа да ішкі ережелерінің талаптары) кәсіби этиканы сақтамаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда операциялық мәселелерді деңгейіне қарамастан басшылықтың назарына жеткізу;
    - Операциялық тиімділікті арттыру, ақпарат пен есеп беруді қоса алғанда, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, корпоративті мәдениет пен этика стандарттарын жетілдіру, тәуекелдерді азайту және ішкі бақылау жүйесін қамтамасыз ету.
    - Бөлімде уақытша болмаған қызметкерді белгіленген тәртіппен ауыстыру (міндеттерін орындау);
    - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарының, сондай-ақ алаяқтық пен ұрлықтың алдын алуға және анықтауға бағытталған шаралардың сақталуын қамтамасыз ету;
    - Функционалдық міндеттерге кіретін Қоғам басшылығының басқа да нұсқаулықтары мен функцияларын орындау.

Талаптар:

  • Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы саласындағы жоғары немесе орта арнаулы білім.
  • Бухгалтерлік есеп және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе аудит және/немесе салықтық есеп және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе процестерді автоматтандыру саласында кемінде 1 жыл тәжірибесі болғаны жөн.

Шарттар:

  • Дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін