«KEGOC» АҚ «АҚТӨБЕ ЖЭТ» ФИЛИАЛЫНЫҢ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ 1 САНАТТЫ ИНЖЕНЕРІ

252700 - 252698 KZT
"KEGOC" АҚ Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
553

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қызметтік (функционалдық) міндеттер

 

  • өз құзыреті шеңберінде жобалау және мердігерлік ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады;
  • жобалау ұйымдарымен шарттар жасасуға қатысады, жобалау ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауын қадағалайды, Құрылыс және қайта құру нысандары бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті барлық материалдарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді;
  • жобалау-сметалық құжаттаманы жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес филиалдың қызметтерімен жобалау-сметалық құжаттаманы қарайды және келіседі;
  • құжаттарды алу бойынша жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі ұйымдармен хат алмасуды жүзеге асырады және олармен жұмыс жүргізеді (СЖТ, бастапқы деректер, меншік құқығына Акт және басқалар);
  • бас заң кеңесшісімен бірлесіп орталықтандырылмаған мердігерлік шарттарды дайындауды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарды жасасуды және сүйемелдеуді, қосымша келісімдер жасасуды, күрделі құрылыс нысандары бойынша шарттық талаптардың орындалуын жүзеге асырады;
  • мемлекеттік сәулет-құрылыс комитетінің департаментіне құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама дайындайды және талондар алады;
  • мердігерлердің жобаға сәйкес жұмыстарды орындауға лицензияларының болуын, сапа сертификаттары мен төлқұжаттарының, жеткізілетін өнімге сынақ хаттамаларының болуын, олардың өндірістік стандарттардың, техникалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді;
  • жұмыстың орындалу барысы және жобаның тарауларының талаптарына сәйкес жұмыстарды жүргізудің барлық ережелерінің сақталуы туралы жедел ақпарат жинайды, орындалмаған жағдайда талап арыздар береді, жұмыс кестелерінің бұзылуына жол бермеу шараларын қабылдайды;
  • авторлық және техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер көрсетудің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірілуіне, олардың бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормаларына, стандарттарға, қауіпсіздік стандарттарына, өндірістік санитарияға және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес сақталуына техникалық қадағалауды жүзеге асырады;
  • техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдармен құрылыс алаңдарында жабдықтарды орнатуға, сынауға байланысты мәселелерді келіседі;
  • жабдықты сынауға және оны пайдалануға енгізуге байланысты жұмыстарға қатысады;
  • филиал нысандарын салу кезеңінде жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға алуға) құқықтарды тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуді және құжаттарды дайындауды жүзеге асырады;
  • басшылықтың және қызмет басшысының тапсырмасы бойынша күрделі құрылыс нысандарына баруды жүзеге асырады, құрылыс-монтаждау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуіне аралық бақылауды және нысандардың уақтылы пайдалануға берілуін бақылауды жүзеге асырады;
  • нысандарды пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және қабылдау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру үшін материалдарды дайындайды;
  • нысандарды қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына, авторлық және техникалық қадағалаумен, мемлекеттік құрылыс қадағалау органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерге қатысады;
  • мердігер ұйымдардың комиссия белгілеген мерзімде кемшіліктерді, ақауларды жою сапасын бақылайды;
  • аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарын қабылдауды жүзеге асырады, мердігер ұйымдармен нысанды пайдалануға қабылдау актісін жасайды;
  • аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарының есебін жүргізеді және күрделі құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есеп беру үшін қажетті деректерді дайындайды;
  • бөгде ұйымдардың біржолғы сұраулары бойынша ақпарат береді және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша олармен хат алмасуды жүзеге асырады;
  • 1 санатты инженердің құзыретіне жататын БМЖ саласында туындаған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
  • ФактМЭС басшылығының және қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Талаптар:

Жоғары білім (электроэнергетикасы/құқықтану), 
энергетика саласында инженер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі

Шарттар:

Түйіндемені тапсырудың соңғы мерзімі – 2023 жылдың 24 наурызы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)
  • Орыс тілі (Бастапқы)