"Бухгалтерлік және салықтық есеп"департаментінің бас менеджері

“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
437

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу бойынша жұмысты орындайды (негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, өндіріс шығындарын, өнімді өткізуді, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін есепке алу, жеткізушілермен және Тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сондай-ақ көрсетілген қызметтер үшін және т.б.).
  • Қаржылық тәртіпті сақтауға және ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады.
  • Бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады және оларды есептік өңдеуге дайындайды.
  • Бухгалтерлік есеп шоттарында негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты операцияларды көрсетеді.
  • Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнының есепті калькуляциясын жасайды, шығындардың және өнімсіз шығындардың пайда болу көздерін анықтайды, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар дайындайды.
  • Заңнамаға сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдарын және басқа да төлемдерді, күрделі салымдарды қаржыландыруға арналған қаражатты, қызметкерлердің жалақысын есептеуді және аударуды жүргізеді.
  • Есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскелері бойынша деректерді дайындайды, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді. Бухгалтерлік ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді.
Талаптар:
  • Жоғары кәсіптік білім (бухгалтерлік, қаржылық немесе экономикалық)
  • Кәсіби бухгалтердің Ұлттық сертификаты болғаны жөн
  • Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 4 жыл
  • Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау жөніндегі заңнамалық актілерді, қаулыларды, өкімдерді, бұйрықтарды, басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдарды білу;
  • ҚЕХС стандарттарын және бухгалтерлік және салықтық есепті реттейтін ҚР нормативтік құжаттарын білу.
  • Еңбекке ақы төлеу кезінде персоналмен есеп айырысуды құжаттау және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібін білу;
  • Кәсіпорындағы шаруашылық қызметті бухгалтерлік есепке алу және талдау нысандары мен әдістерін білу
  • Мамандандырылған ақпараттық жүйелерді пайдалану дағдылары.
  • Іскерлік хат алмасу дағдылары.

Қажетті қабілеттер

  • - навыки ведения бухгалтерского и налогового учета;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)