Іс жүргізу жөніндегі менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
132

Қаралған саны:
2814

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) Қордағы құжаттаманы басқару процесін оңтайландыру және ұтымды ету мақсатында Қорды құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.

 Талаптар:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • Құжаттаманы басқару саласында сертификаттаудың болғаны құпталады.
  • Жалпы жұмыс өтілі 4 (төрт) жылдан кем емес, оның ішінде құжаттаманы басқару бойынша жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес.

 Білім, дағды және құзыреттілік:

  • «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісім;
  • Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қор тобы тартылған негізгі мемлекеттік бағдарламалық құжаттар;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымы және жұмыс регламенті;
  • ҚР құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидалары бойынша, архивтік іс қағаздарын жүргізу бойынша, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы, Мемлекет басшысының, жоғары тұрған лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларының, ҚР Үкіметі регламентінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ электрондық құжат айналымы саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгерген. Ағылшын тілін білген жөн;
  • сараптамалық қорытынды қалыптастыра білу және қызметтің жетекшілік ететін бағытында тиімділікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу;
  • шектеулі уақыт шеңберінде жұмыс істей білу;
  • ұйымдастырушылық және коммуникациялық дағдылар;
  • іскерлік қарым-қатынас және мүдделі стейкхолдерлермен тиімді қарым-қатынас құру дағдылары;
  • іскерлік хат алмаса білу;
  • ішкі және сыртқы (ауызша, жазбаша, визуалды) қарым-қатынас пен тиімді тұлғааралық қарым-қатынастың жоғары деңгейі, келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • ДК, кеңсе ұйымдастыру техникасының, кеңсе қосымшаларының (MS Office, Adobe Reader және т.б.) Интернетті тәжірибелі пайдаланушы. Документолог, DOC24 жұмыс істей білу керек.

 Құзыреттерге қойылатын талаптар:

  • нәтижеге бағдарлау
  • жауапкершілік
  • командада жұмыс істей білу
  • коммуникация дағдылары
  • өзгерістерді басқару

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр