Кадр және әкімшілік мәселелер жөніндегі қызметтің жетекші маманы
«КазРосГаз» ЖШС Алматы қ.Міндеттері:
-
Кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдеу;
-
Құжаттарды жыл сайын мұрағаттық сақтауға іріктеу немесе жою үшін жүргізілетін отборды ұйымдастыру. Істердің дұрыс қалыптастырылуын, сақталуын және уақытылы тапсырылуын бақылау;
-
Серіктестікте іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу;
-
Басшылықтағы кеңестерге қажетті материалдарды дайындайды, күн тәртібін қалыптастырады;
-
Серіктестік Басшылығындағы кеңес хаттамаларының орындалуы бойынша есеп дайындайды;
-
Аударма қызметтері (орыс тілінен өзге тілдерге, өзге тілдерден орыс тіліне), тіркелетін пошталық жөнелтілімдерді (ішкі және халықаралық) жіберу қызметтері, мұрағат құжаттарын өңдеу қызметтері бойынша бюджеттің жобасын қалыптастырады, сатып алуды жүзеге асырады және олардың шығындалуын бақылауды жүргізеді;
-
Серіктестік Басшылығымен келісу бойынша еңбек ұжымымен есептік кездесулер өткізу кестесін бекітуге дайындайды;
-
Серіктестік еңбек ұжымымен өткізілетін жиналыстардың хаттамаларын жүргізеді;
-
Серіктестіктің істер номенклатурасын әзірлейді;
-
Серіктестікте фирмалық бланкілер, мөрлер мен штамптарды пайдалану және сақтау тәртібін тексеру жөніндегі сараптама комиссиясының хатшысы болып табылады, фирмалық бланкілер мен штамптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
-
Кіріс корреспонденциясын қабылдап, тіркейді және құрылымдық бөлімшелерге бағыттайды;
-
Алынған және жіберілген хат-хабардың есебін жүргізеді, ағымдағы мұрағат құжаттарын жүйелейді және сақтайды;
-
Құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылайды және Басшылыққа тиісті анықтамалар дайындайды;
-
Ағымдағы іс жүргізудегі және қоймадағы құжаттардың сақталуын, есебін және пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
-
Бұйрықтар және т.б. өкімдік құжаттардың ресімделуін тексеру, тіркеу және тарату жұмыстарын жүргізеді;
-
Құжаттардың сандық есебін жүргізеді және ай сайын, тоқсан сайын құжат айналымы көлемі бойынша жиынтықтар жасайды;
-
Іс жүргізу бойынша журналдарды жүргізеді.
Талаптар:
-
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе орта техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіби) білім;
-
Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді, ал орта техникалық және кәсіптік білімі болған жағдайда іс жүргізу бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі талап етіледі.
Жұмыс шарттары:
-
Жұмыс уақыты – күніне 8 сағат, 08:30–18:00, түскі үзіліс 12:30–14:00;
-
Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Қажетті қабілеттер
- Ведение документации
- * самостоятельность и одновременно умение работать в команде
- Поиск, сбор и анализ информации
- формирование отчетности
- оперативное планирование и управление
- Контроль за документацией
- учет и составление отчетности
- составление планов и обоснование закупок
- учет и регистрация документов
- Взаимодействие с внутренними и внешними специалистами
- обеспечение сдачи документов в архив
Ұқсас вакансиялар