Өндірістік қауіпсіздік басқармасының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекші маманы (өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
64

Қаралған саны:
1581

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары техникалық білім;
  • Магистр дәрежесінің болуы (МВА / басқасы) (болғаны дұрыс).

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі:

  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кем дегенде 4 жыл (мұнай-газ саласында болғаны дұрыс).

ҚМГ компанияларының тобындағы/мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі:

  • Кем дегенде 3 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Мемлекеттік және орыс тілін білу, ағылшын (болғаны дұрыс).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Жоғары кәсіптік білім туралы белгіленген үлгідегі құжатпен расталған білім;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық актілерді, салалық стандарттарды білу, оның ішінде: "Азаматтық қорғау туралы" Заң, Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары мен автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, Магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, Газдарды дайындау және өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары, Жүк көтергіш тетіктерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары; Мұнай-газ саласындағы өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару жөніндегі негізгі қағидаттар мен тәсілдер; Өндірістік процестердің қауіпсіздігін басқару саласындағы халықаралық стандарттар мен ұсынымдар (соның ішінде ISO, IOGP және т.б.).
  • ҚМГ қызметін реттейтін ішкі құжаттарды білу;
  • Сапа менеджментінің, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің, еңбекті қорғаудың интеграцияланған жүйесі саласында, өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында; тәуекелдерді басқару жүйесінің негіздері және ҚМГ ішкі бақылау жүйесі саласында, ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі саласында білім;
  • Еңбек заңнамасының негіздерін білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Заңдарда және нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын үнемі бақылауды қамтамасыз ету және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау қабілеттігі, қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді талдау мен бағалауды жүргізе білу, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды әзірлей білу, қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың, инциденттердің алдын алуға және олардың салдарын оқшаулауға және жоюға дайындықты және технологиялық тәртіптің сақталуын үнемі бақылауға бағытталған жұмыстарды жүргізу, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды, энергетикалық жабдықты сынау мен куәландырудың, өлшеудің бақылау құралдарын жөндеу мен тексерудің уақытылы жүргізілуін бақылау және мониторингін жүргізу;
  • Командада жұмыс істей білу, коммуникабельділік, ашықтық, адалдық, тапсырмаларды жедел орындау, орындалатын жұмыстың сапасын жетілдіруге ұмтылу;
  • Негізгі қызмет мәселелері бойынша министрліктермен және ведомстволармен, бөгде ұйымдармен хат алмасу;
  • Microsoft Office, Outlook Express, Internet Explorer және т. б. бағдарламаларда жұмыс істей білу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ЕТҰ өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне әдістемелік басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады;
  • ЕТҰ-ның Қазақстан Республикасы заңнамасының және ҚМГ-нің өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы корпоративтік құжаттарының талаптарын сақтауына талдау/мониторингті жүзеге асырады;
  • ҚМГ мен ЕТҰ-да өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін басқарудың корпоративтік жүйесін әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асырады, сондай-ақ жетекшілік ететін бағыт шеңберінде қауіпсіздіктің корпоративтік мәдениетін жетілдіру мақсатында бағдарламаларды (бастамаларды) әзірлейді және енгізеді;
  • Инциденттер мен авариялардың алдын алу, ҚМГ мен ЕТҰ-дағы өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін басқару жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  • Инциденттерді, аварияларды, өртті тергеуге, жүйелі себептерді анықтауға және болашақта осыған ұқсас жағдайларға жол бермеу бойынша түзету іс-шараларын әзірлеуге қатысады; 
  • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйін бағалау мақсатында ЕТҰ жоспарлы тексерулеріне қатысады, жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар дайындайды, сондай-ақ түзетуші  іс-шаралар мен тексеру нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуын бақылауды және мониторингін жүзеге асырады;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ҚНК орындау бойынша ЕТҰ-ға әдістемелік көмек көрсетеді, бақылайды, талдайды;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы ЕТҰ мамандарымен бірлесіп, ҚМГ мен ЕТҰ-ның негізгі рәсімдерін, ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеуге және қайта қарауға қатысады;
  • ЕТҰ-ға өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша ай сайынғы/жыл сайынғы жоспарларды әзірлеуге/түзетуге/орындауға және ай сайынғы/тоқсандық/жылдық есептерді дайындауға жәрдем көрсетеді.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр