Бухгалтерлік және салық есебі департаменті шоғырландырылған есептілікті дайындау басқармасының жетекші бухгалтері

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
742

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары білім, экономикалық және/немесе қаржылық;
  • Экономика/қаржы/МБА бойынша магистр дәрежесінің болуы (қалаулы).

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Бухгалтерлік есеп, шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау/шоғырландырылған қаржылық есептіліктің аудитін жүргізу саласында кемінде 4 жыл (мүмкіндігінше мұнай-газ компанияларында).

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:

  • ДипИФР АССА (немесе баламасы – F-7 АССА/CPA FAR).

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы", мұнай-газ саласындағы (жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы) заңдарды білу;
  • Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары саласындағы білім;
  • Қаржылық, басқарушылық, салықтық есепке алу және құқық саласындағы білім;
  • Еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, корпоративтік басқару және коммуникация саласындағы білім;
  • Сапа менеджментінің интеграцияланған жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздіктің менеджменті жүйесі саласындағы білім (құзыреті шегінде);
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласындағы білім;
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласындағы білім;
  • Мүмкіндігінше мемлекеттік тілді білуі (ауызша және жазбаша).

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қолдану;
  • Шоғырландырылған қаржылық есептілікті (Financial Consolidation)дайындаудың және ДББҰ (Intercompany) салыстырып тексеруді жүргізудің автоматтандырылған жүйелерін пайдалану;
  • Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау;
  • Қаржылық есептілікті қалыптастыру процестерін автоматтандыруға арналған техникалық тапсырмаларды дайындау;
  • Еңбекті және корпоративтік мәдениетті ұйымдастыру.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ҚМГ тобының жетекшілік ететін компанияларының қаржылық есептілік пакеттерін қабылдау;
  • Financial Consolidation автоматтандырылған жүйесіне ішкі бөлу шеңберінде шоғырландырылған түзетулерді дайындау және енгізу;
  • Ішкі бөлу шеңберінде Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік жобасын дайындау;
  • Ішкі бөлу шеңберінде "Самұрық-Қазына" АҚ бекіткен нысандар бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік пакетін дайындау;
  • Кірістер мен шығындар туралы ай сайынғы есепті және ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті дайындау;
  • Ішкі бөлу шеңберінде қажетті ақпаратты аудиторлық шолуды жүргізу кезінде сыртқы аудиторға дайындау және ұсыну болып табылады;
  • ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің сұрауларына сәйкес ақпаратты ұсыну, шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша түсіндіру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр