Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- ҚР заңнамасына және Серіктестіктің ішкі ережелеріне сәйкес Серіктестікте қаржылық шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- Департамент қызметіне басшылық жасау, Департамент жұмысын бағыттау және үйлестіру;
- Серіктестік қызметінің құрылымы мен ерекшеліктерін негізге ала отырып, заңнамаға сәйкес есеп саясатын және салықтық есеп саясатын қалыптастыру, сондай-ақ Серіктестіктің есеп және салықтық есеп саясатына өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізу;
- құжат айналымының ұтымды жүйесін,бухгалтерлік құжаттардың заңдылығын, уақтылығы мен сақталуын, оларды ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімдеуді және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа беруді қамтамасыз ету;
- қаржы, салық есептіліктерін және қаражаттың кірістері мен шығыстары туралы жедел жиынтық есептерді, басқа да бухгалтерлік және статистикалық есептілікті жасауды қамтамасыз ету, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсыну, ішкі және сыртқы Пайдаланушының толық және шынайы бухгалтерлік ақпаратын ұсынуы;
- ішкі және сыртқы аудиторлық тексерулерге дайындықты ұйымдастыру;
- департаменттің ішкі нормативтік-құқықтық құжаттарын әзірлеуді және оларға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру;
- шаруашылықішілік резервтерді анықтау, үнемдеу режимін және құжат айналымын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу;
- бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша Департамент қызметкерлеріне әдістемелік көмек;
- шарт жобаларына салық сараптамасын жүзеге асыру;
- Басқарманың, Байқаушы кеңестің және Серіктестік Жалпы жиналысының қарауына шығару үшін Департамент мәселелері бойынша материалдар дайындауды қамтамасыз ету.
Талаптар:
- бухгалтерлік операцияларды есепке алу шоттарында құжаттамалық ресімдеу және көрсету тәртібі;
- қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС);
- ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістері;
- заңды және жеке тұлғаларға салық салу шарттары;
- ҚР Кәсіби бухгалтер сертификаты және келесі сертификаттардың біреуінің болуы: ACCA, ACA, CPA, DipIFR.
Шарттар:
- бес күндік жұмыс аптасы;
- 1 сағат 30 минутқа созылатын демалу және тамақтану үшін үзіліс. сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
- Әлеуметтік пакет;
- 30 (отыз) күнтізбелік күнге созылатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы.
Қажетті қабілеттер
- главный бухгалтер
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
- Китайский (Бастапқы)