Техник-оператор 0,5 бірлік (санаты жоқ) / еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер 0,5 бірлік (санаты жоқ), – 2 санатты; – 1 санатты.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
597

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Техник-оператор 0,5 бірлік (санаты жоқ) Міндетті: Тұрақты және уақытша (қонақ) рұқсаттамаларды, рұқсаттамаларға қосымша беттерді ресімдеу, дайындау, беру, берілген рұқсаттамалар мен иелерінің есепке алу карточкаларын есепке алуды жүргізу, берілген рұқсаттамалардың уақтылы тапсырылуын бақылау. Күзетілетін периметрдің БӨП арқылы мүлікті алып өту, тасымалдау құжаттарын ресімдеу және дұрыс ресімделуін бақылау, ресімделген материалдық рұқсаттамалар бойынша дерекқорды жүргізу. Өткізу режимін ұйымдастыруды, жүзеге асыруды және оның жұмыс істеуін регламенттейтін нормативтік актілердің талаптарын, шаралары мен шешімдерін іске асыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде: есеп карточкаларының тізімдемесін жүргізу; электрондық рұқсаттамаларды пайдалану ережелері бойынша қызметкерлерге нұсқама жүргізу; мөрлерді, мөртабандарды, кітаптар мен журналдарды дайындау қажеттілігі туралы тікелей басшыны уақтылы хабардар ету; рұқсаттамалар үлгілері және өткізу бюросының жұмысы бойынша басқа да көрнекі құжаттамалары бар стендтерді ресімдеу бойынша ұсыныстар беру; рұқсат беру тәртібін айқындайтын құжаттарды өңдеу және есепке алу карточкасына тиісті өзгерістер енгізу. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер 0,5 бірлік: Ұйымдастырады: Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (ЕҚжЕҚ) және өнеркәсіптік қауіпсіздік (ӨҚ) жөніндегі бақылаудың екінші сатысы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бақылаудың бірінші сатысы (ҚОҚ), табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер комиссияларының жұмысы және осы комиссиялардың жұмысына қатысады, жеке өзі немесе комиссия құрамында ЕҚжЕҚ және ӨҚ бойынша нысаналы тексерулер жүргізеді. Еңбек жағдайларын жақсарту, жұмыскерлердің денсаулығын нығайту жөніндегі перспективалық және жылдық жоспарларды, «Еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау және санитарлық-сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспары» іс-шараларын, өндірістің қоршаған табиғи ортаға әсерін азайтуға бағытталған табиғатты қорғау мақсатындағы іс-шараларын әзірлеу, осы іс-шараларды іске асыруға қатысу және олардың уақтылы орындалуын бақылау. ЕҚжЕҚ және ӨҚ бойынша екінші және үшінші сатыдағы бақылау комиссияларының, орталық өрт-техникалық комиссияның (ОӨТК) нұсқаулары мен актілерінде, ЕҚжЕҚ және ӨҚ бойынша нысаналы және жедел тексерулерде, ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ және өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша табиғат қорғау заңнамасы, жоғары тұрған ұйымдар мен мемлекеттік бақылау органдары талаптарының сақталуына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерде белгіленген бұзушылықтарды, ескертулер мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ және өрт қауіпсіздігі бойынша, өндірістік қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу, келісу, бекіту және уақтылы қайта қарау, олардың есебін жүргізеді. Бөлімше қызметкерлерінің ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ және өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттарды, ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды зерделеуі. ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ және өрт қауіпсіздігі бойынша дәрістер, әңгімелер өткізу, кинофильмдер көрсету, витриналар мен стендтердің болуы және көрсетілуі. Өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулар, жұмыс аймағының ауасының нормативтен тыс ластануы, атмосфералық ауа, ағынды сулардың төгілуі жағдайларын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша осы жағдайлардың алдын алу үшін іс-шаралар әзірлеу. бойынша бақылаудың бірінші сатысы, ӨҚ жай-күйіне нысаналы тексерулер жүргізу. Әзірлейді: Ай сайынғы жұмыс жоспарлары. Бөлімшеде ЕҚжЕҚ және ӨҚ талаптарының сақталуын бақылаудың екінші сатысымен, ҚОҚ бойынша бақылаудың бірінші сатысымен бір жылға тексерулер жүргізу кестесі. ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша тікелей басшыға арналған басқару шешімдерін қалыптастыру бойынша ұсыныстар. Бақылайды: Бөлімшеде ЕҚжЕҚ және ӨҚ бойынша талаптардың сақталуын бақылаудың бірінші сатысының жұмысын. Бөлімше қызметкерлерін ЕҚжЕҚ, ӨҚ және өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтармен, ҚОҚ бойынша нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету. Бөлімшеде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қолданыстағы заңнаманың талаптарын, ЕҚжЕҚ, ӨҚ, ҚОҚ және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер, нормалар мен нұсқаулықтарды сақтау, бөлімше қызметкерлеріне еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беру. Медициналық тексеру нәтижелері бойынша қарсы көрсетілімдері бар адамдарды жұмысқа жіберудің заңдылығы. Бөлімше қызметкерлерін жеке (ЖҚҚ) және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету, өндірістік учаскелерді қауіпсіздік белгілерімен, ескерту жазбаларымен, ЕҚжЕҚ бойынша плакаттармен және т. б., оқыту бағдарламаларымен қамтамасыз ету; Бөлімше қызметкерлерінің арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа ЖҚҚ киюінің дұрыстығы, олардың қорғаныс және сақтандыру құрылғыларын дұрыс пайдалануын. Әзірленіп жатқан техникалық құжаттаманың (технологиялық және жұмыс нұсқаулықтарының жобалары, жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар, технологиялық процестің карталары, жөндеу карталары, ЕҚжЕҚ жөніндегі нұсқаулықтар, аварияларды жою жоспарлары және т. б.) қолданыстағы заңнаманың талаптарына, ережелердің, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкестігін.

Білім:

Жоғары (техникалық), орта (техникалық және кәсіптік)

Дағдылар:

Талап етілмейді

Қосымша:

- сағат 08-00 бастап 17-00 дейін. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде (қалыпты еңбек жағдайында); - демалыс күндері сенбі және жексенбі күндері

Білетін тілдер:

Талап етілмейді

Қажетті қабілеттер

  • Требования не предъявляются