Санаты жоқ/ II санатты/I санатты инженер-гидрогеолог

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
1721

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Тік дренаждың пайдаланушы ұңғымаларында динамикалық деңгейді, меншікті дебитті, температураны және дренажды су жинағышты дұрыс пайдалануға бақылау жүргізеді. 2. Тік дренаж ұңғымалары бойынша су әкетуге есеп жүргізеді. 3. Байқау ұңғымаларында жерасты суларының деңгейін, температуаны, кенжар тереңдігіне бақылаушы өлшемдер жүргізеді. 4. Бақылау ұңғымалары мен тік дренажды ұңғымаларды тазалау-айдау және піспектеу бойынша жұмыстарды жүргізуді бақылайды. 5. Су қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау және дренажды су алу жұмысының регламентін белгілеу үшін жер асты суларының деңгейін, температурасын және химиялық құрамын уақыт динамикасында зерттейді және бақылайды. 6. Бақылау ақпаратты өңдеуді, тік дренаждың пайдалану ұңғымалары, бақылау ұңғымалары бойынша жер асты суларының деңгейі, температурасы, сапасы бойынша деректер базасын толтырады. 7. «ҮМЗ» АҚ СО ҚШУ жер асты сулары мен жер қойнауын бақылау нәтижелері туралы жылдық есепті құрауға қатысады. 8. Пайдаланушы ұңғымалар, тік дренаж ұңғымаларын, бақылау желісінің бақылау ұңғымаларын күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге іс-шараларды әзірлейді және жүргізеді. 9. СО ҚШУ күрделі жөндеу, қайта құру, кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге тапсырма құрауға қатысады. 10. Жөндеу жұмыстарының сапасына бақылау жүргізеді және осы шаруашылыққа күрделі жөндеу не қайта құру жүргізуге ұсыныстар береді. 11. О нысандағы паспортты және ЛКШ міндеттерін орындау туралы есепті әзірлейді және оларды жер қойнауын зерттеу бойынша уәкілетті органға тапсырады. 12. Материал дайындайды және күрделі жөндеу нысандарын пайдалануға қабылдауға қатысады (өз құзыреті шегінде). 13. Апаттарды жою жоспары бойынша іс-шаралар мен кестелерді әзірлейді, осы қызмет бағыты бойынша персоналды оқытуды және жоспарлы оқу жаттығуларын жүргізеді. 14. Жоғары тұрған басшылардың бұйрықтар мен өкімдерін орындайды. 15. Өзінің тікелей жетекшісінің нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды. 16. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібі ережелерін сақтайды. 17. Құпиялылық, өткізу және нысанішілік тәртіп режимін, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтайды. 18. РД ОПБиОТ № 14.025 «ҮМЗ» АҚ басшылары мен мамандарының өндірістік қауіпсіздік саласында міндеттері» сәйкес өндірістік қауіпсіздік талаптарын орындайды.

Білім:

Санаты жоқ – жоғары (техникалық) не орта білім (техникалық және кәсіби) I және II санатты – жоғары білім (техникалық)

Дағдылар:

Санаты жоқ ДЭЕМ және басқа ұйымдастырушы техника құралдарын пайдаланушы деңгейде меңгеру; іскери хат және іскери сөйлесу дағдылары; Гидротехникалық құрылыс саласында инженерлік-техникалық лауазымдардағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес II санатты – санаты жоқ инженер-гидрогеолог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес; I санатты - II санатты инженер-гидрогеолог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Қосымша:

Талап қойылмайды

Білетін тілдер:

Талап қойылмайды