Кірме жолдарға қызмет көрсету өндірісінің өндірісті дайындау жөніндегі инженері
382000 - 382000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- Теміржол жолдарының маневрлік жұмыстары мен жөндеу жұмыстарын орындау тәртібінің жүзеге асырылуын бақылау.
- «ПМХЗ» ЖШС кірме жолында қозғалысқа қызмет көрсету және ұйымдастыру бойынша нұсқаулыққа сәйкес жылжымалы құрамның бекітілуін бақылау
- Жолдарды және бағыттамалық бұрмаларды комиссиялық тексеруге қатысу.
- Жолдарды ағымдағы ұстау бойынша жұмыстардың жоспарларын, кестелерін әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылау.
- Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес бөлімшенің іс қағаздарын жүргізу.
- Жұмыс орындарын қажетті техникалық құжаттамамен, нұсқаулықтармен, қағидалармен, ережелермен, құжатталған рәсімдермен және жұмыс берушінің басқа да актілерімен қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Мамандығы бойынша жоғары білім.
- Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 1 жылдан кем емес болуы тиіс.
Білім және дағдылар:
- Пойыздардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтарды білу.
- Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерін білу.