бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаментінің қаржылық есептілік жөніндегі тобының бас менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына, ХҚЕС-ке, Акционердің нысандарына сәйкес Қоғамның жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігі үшін ақпаратты қалыптастыруға, қаржылық есептілікті пайдаланушыларды салыстырмалы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етуге;
- Қаржылық есептілікті жасау кезінде ХҚЕС талаптарына сәйкес стандартталған бақылау парағын (бақылау парағы) пайдалануға;
- «Самұрық-Қазына» АҚ Тобының компанияларымен топішілік баланстар мен айналымдарды салыстыру актілерін уақтылы және тиімді жасауға;
- Еншілес және қауымдасқан ұйымдардың қаржылық есептілігінің аудитіне және шоғырландырылуына қатысуға, сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша ұйымдардың қаржылық есептілігінің аудитіне қатысуға, сенімгерлікпен басқару шарттары бойынша қаржылық есептілікті жасауға қатысуға, қаржылық есептілікті жасауға байланысты мәселелерді үйлестіруге, жүргізуге;
- Дұрыс қаржылық есептілікті қалыптастыру бойынша әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
- Акционердің нысандарына сәйкес дайындалған шоғырландырылған қаржылық есептілік үшін SAP BO PC жүйесінде жеке нысандарды/ашуларды толтыру;
- Уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп деректері негізінде статистикалық есептілікті қалыптастырады және ұсынады;
- Аудиторлық ұйыммен қаржылық есептiлiктiң аудитi бойынша жұмысқа қатысуға, аудит үшiн ақпарат дайындауға, аудиторлардың ұсыныстарын орындау жөнiндегi жұмысты үйлестiруге, аудит процесiнде туындаған проблемалық мәселелердiң шешiмдерiн iздестiруге;
- Қоғамның есеп саясатын қалыптастыруға/өзектендіруге қатысу;
- Сатып алу рәсiмiне және Жалғыз акционердiң ұсынымдарына сәйкес Қоғамның жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептiлiгiнiң аудитi бойынша қызметтер көрсету үшiн аудиторлық ұйымды таңдау рәсiмiне ат салысу;
- Қоғамның қаржылық есептілігін шоғырландыру процесін қайта қарауға, өзгерту (жетілдіру) процессіне ат салысу;
- Есепті кезеңді жабу және Қоғамның қаржылық есептілігін жасау жөніндегі өзекті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және жүргізуге, олардың белгіленген тәртіппен бекітілуін қамтамасыз етуге;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік құқықтық және ішкі құжаттарын әзірлеуге/өзгертуге ат салысу;
- Қоғамның және еншілес ұйымдардың қызметкерлеріне оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
- Қоғамның бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiгiн жүргiзуде заңдылықтың бұзылуын болдырмау жөнiнде шаралар қабылдауға;
- Мұрағатқа тапсыру үшін белгіленген тәртіппен қаржылық есептілік бойынша құжаттарды ресімдейді;
- Өз құзыреті шегінде Қоғамда құрылған комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына қатысуға;
- Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
- Жоғары кәсіптік білім (бухгалтерлік есеп, аудит, қаржы, экономика);
- Халықаралық қаржылық есептілік (DipIFR) бойынша дипломның болуы немесе ACCA кәсіби біліктілігі бойынша оқу кезінде, тапсырылған емтихандардың кем дегенде F1-F4, F7 қағаздары тапсырылуы керек;
- Мамандығы бойынша жұмыс тәжірбиесі (жоғары оқу орнында оқу уақытынан басқа) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда кемінде 4 жыл, мүмкіндігінше аудит бөлімінде, «Big 4» аудиторлық ұйымдарда жұмыс өтілі болу абзал;
Шарттар:
- ҚР ЕК бойынша ресімдеу;
- Жұмыс кестесі 5/2, дүйсенбіден - жұмаға дейін 09:00 - 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
- Әлеуметтік пакет, демалысқа арнайы мат. көмек;
- KPI орындау бойынша сыйлықақы төлемдері.
Ұқсас вакансиялар
Бухгалтерлік есеп департаментінің бухгалтерлік есеп әдістемесі тобының бас менеджері
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.12.2024 | 3511
Жалақы көрсетілмеген
Бас менеджер-бухгалтерлік есеп департаментінің ҚЕХС (20 грейд) бойынша қаржылық есептілікті дайындау тобының басшысы
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
19.12.2024 | 1416
Жалақы көрсетілмеген
Мұнай-газ активтері департаментінің аға менеджері
«Самрук-Қазына» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
17.12.2024 | 8871