Өнеркәсіптік су алу және айналымды сумен жабдықтау шебері

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
502

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

«ҮМЗ» АҚ бөлімшелерін айналмалы және өнеркәсіптік сумен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етеді. Энергетикалық жабдыққа (сорғыларға) уақтылы және сапалы жөндеу жүргізеді. Энергетикалық жабдықтардың (сорғылардың) техникалық жай-күйі мен жұмыс режимдерін бақылайды. Жұмыстарды жоспарлауды және бағынысты персоналды басқаруды жүзеге асырады. Тауарлық материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады. Энергетикалық орталықтың жылумен, сумен жабдықтау учаскесі бастығының бұйрықтары мен өкімдерін уақтылы және дұрыс орындайды. Бағынысты қызметкерлерді оқытады, нұсқау береді және олардың білімін мерзімді тексеруді жүзеге асырады. Кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Бағынысты персоналдың жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асырады. Бағынысты персоналдың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау талаптарын, құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режим талаптарын, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті, Еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау талаптарын орындауын бақылайды. «ҮМЗ» АҚ басшылығының менеджмент саласындағы саясатын қарамағындағы персоналдың назарына жеткізуге және түсіндіруге қатысады. Бағынысты персонал арасында жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөледі және белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бағынышты персоналдың өз қызметінің өзектілігі мен маңыздылығы және менеджмент саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді. Өндірістік қызмет процесінде бағынысты персоналдың тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Қарамағындағы қызметкерлермен өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек тәртібі ережелерін бұзушылықтардың алдын алу, еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлердің жұмыс уақытын сақтау, ұйымдастыру және еңбекақы төлеу мәселелері және т.б. мәселелері бойынша тәрбие және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен нұсқауларын орындайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін» сақтайды. «ҮМЗ» АҚ басшылары мен мамандарының жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы Қағидаға» сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті талаптарын сақтайды. РД ӨҚжЕҚБ №14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды.

Білім:

Жоғары (техникалық) немесе орта (техникалық және кәсіптік)

Дағдылар:

- орта (техникалық және кәсіптік) білімі болған жағдайда - энергия жабдықтарын пайдалануға және (немесе) жөндеуге және (немесе) қызмет көрсетуге байланысты лауазымдарда (кәсіптерде) кемінде 2 жыл жұмыс өтілі; - бейіні жоғары техникалық білімі болған жағдайда - энергия жабдығын пайдалануға және (немесе) жөндеуге және (немесе) қызмет көрсетуге байланысты лауазымдарда (кәсіптерде) кемінде 1 жыл жұмыс өтілі; - ДЕЭМ және кеңсе техникасының басқа да құралдарын пайдаланушы деңгейінде меңгеру.

Қосымша:

Болжамды еңбек ақы мөлшері: 220 430 теңгеден 296 000 теңгеге дейін

Білетін тілдер:

Талаптар қойылмайды