Call-center маманы (аутстаффинг бөлімі)

"Самрук-Қазына Контракт" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
59

Қаралған саны:
1198

   Конкурс туралы

 

  1. Кеңес беру және техникалық қолдау көрсету

Кіріс қоңырауларды қабылдау, арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы тұтынушылардың сұраныстарын өңдеу. Клиенттерге стандартты емес мәселелерді шешуге нұсқау беру (IT жүйелерінде жұмыс істеу кезіндегі тұтынушы қателері).

 

  1. Құрылымдық бөлімшелерді кеңес беріп қамтамасыз ету

Серіктестіктің ақпараттық жүйелеріне қанағаттану дәрежесін бағалау үшін сауалнама жүргізеді.

Жүйеге тіркелу, прейскурантты толтыру, прейскурантты уақтылы жаңарту мақсатында тауар өндірушілерге, мүгедектер ұйымдарына шығыс қоңырауларды жүзеге асырады.

 

  1. Коммуникациялар

Бөлімше қызметі бойынша компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды, сапалы қызмет көрсетеді. Сатып алу тәртібіне еңгізілген өзгерістерге байланысты ІТ жүйелеріндегі жаңартуларды уақтылы зерттеу.

 Талаптар:

  • орта арнаулы және/немесе жоғары гуманитарлық және/немесе техникалық білімнің болуы;
  • орыс және қазақ тілдерінде жазбаша және ауызша сөйлеу дағдылары;
  • белсенді тыңдау және диалог техникасы дағдылары;
  • сенімді қолданушы деңгейіндегі дағдылар – MS Office (Word, Excel);
  • жанжалдық ахауларды шешу дағдылары;
  • іскерлік хат алмасу дағдылары және іскерлік қарым-қатынас этикасы;
  • топта жұмыс істеу дағдысы;
  • тіл табысушылығы;
  • стресске төзімділік.

Білім:

  • «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге арналған нұсқаулықтар;
  • «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу қызметінің тәртібі.

Тәжірибе:

  • call-орталықта кемінде алты ай жұмыс тәжірибесі.