Құқықтық және бақылау қызметі департаментінің директоры
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Серіктестіктің бизнес-процестерді аутсорсинг қызметтерін көрсету шеңберінде құрылымдық бөлімшенің қызметін бағыттар бойынша жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру: тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау процестерін ұйымдастыру, қызметті құқықтық сүйемелдеу, ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, корпоративтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Бизнес, басқару және құқық саласындағы жоғары білім/сабақтас мамандықтар.
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі: магистр дәрежесі және/немесе іскерлік әкімшілендіру (MBA) дәрежесі және/немесе (PhD) ғылыми дәрежесінің болғаны жөн.
- Жобаларды басқару саласында сертификаттаудың/сертификаттардың болғаны жөн.
- Жалпы жұмыс өтілі кемінде 6 (алты) жыл.
- «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс істегені құпталады.
- Лауазым бағыттарына сәйкес функционалдық міндеттері бар басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы (жалпы не жеке).
Талап етілетін білімдер, дағдылар, кәсіби және тұлғалық құзыреттер:
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексі;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері.
- Лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер
- Ағылшын тілін білгені жөн.
- тәуекелдерді басқару/ішкі бақылау әдістерін білу және оларды практикада қолдана білу;
- ақпараттың қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді және бұзушылықтардың жіктелуін (санатын) білу;
- ақпараттың тұтастығын бақылау әдістерін, оларды дамыту және жаңғырту перспективаларын білу;
- құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу, сот органдарындағы отырыстарға қатысу дағдылары;
- Қор тобының корпоративтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша қызметті үйлестіру дағдылары.
Құзыреттерге қойылатын талаптар:
- стратегиялық пайым;
- адамдарды басқару;
- көшбасшылық;
- нәтижеге бағдарлану;
- жауапкершілік;
- командада жұмыс істеу;
- коммуникация дағдысы;
- өзгерістерді басқару.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
Құқықтық қолдау жөніндегі бас менеджер
«Ereymentau Wind Power» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
31.12.2024 | 1095
Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің корпоративтік басқару құқықтық қамтамасыз ету тобының бас менеджері (18 грейд)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
27.12.2024 | 484
Жалақы көрсетілмеген