«KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының Жезқазған аумақтық электр тораптарының Релелік қорғаныс және электр автоматика инженері
Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- кезекші және жөндеу персоналына РҚжЭ құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға, кейіннен келісу үшін РҚжЭ ұсынумен жедел нұсқаулықтарға өзгерістер енгізе отырып, уақытылы орындайды;
- ҚС-да РҚжЭ бойынша техникалық құжаттаманың болуы мен жай-күйін және оның өзектілігін, басқа құжаттаманың (ҚС жабдығының қайталама тізбектерінің схемалары, белгілеу карталары) болуын бақылайды;
- тиісті паспорттарда хаттамаларда нәтижелерді тіркей отырып, бекітілген кестелерге сәйкес ЖАЭТ ҚС-да РҚжЭ құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді орындайды;
- РҚ жабдығы жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- РҚжЭ құрылғыларының жарамды жай-күйін, берілген РҚжЭ қондырғылары мен сипаттамаларын орындауды қамтамасыз етеді;
- тиісті паспорттарда хаттамаларда РҚжЭ құрылғыларымен жүргізілетін барлық жұмыстардың нәтижелерін тіркейді;
- бастырмалардың, РҚжЭ ауыстырып қосқыш құрылғыларының дұрыс орналасуын және олардың электр жабдығының схемалары мен жұмыс режимдеріне сәйкестігін бақылайды;
- жабдықтар мен желілердің істен шығуы мен авариялық ажыратылуына талдау жасайды;
- жабдықты авариялық ажырату кезінде авариялар журналы мен оқиғалар журналын басып шығарады және сканерлейді, не суретке түсіреді, РҚжЭ құрылғыларынан РҚжЭҚ беру арқылы ажыратылған қосылуды (dex) конфигурациялық файлдарды жүктейді;
- РҚжЭҚ-ға РҚжЭ құрылғыларының жұмысы туралы есеп береді;
- метеостанция датчиктерінің және Bender оқшаулауды бақылау құрылғыларының көрсеткіштерін бақылауды жүргізеді, кейіннен тексеру нәтижесін БАҚ-тың жиынтық есебіне, паспортқа Sicam SAS хаттамасына және релелік журналға енгізеді;
- кеміргіштердің зақымдануына оптикалық кабельдердің жай-күйін тексереді. Зақымдану анықталған жағдайда, РҚжЭҚ бастығымен келісе отырып, қордағы ҚС кабелімен ауыстырады, зақымдалған талшықты-оптикалық кабельді РҚжЭ қызметіне ҚС атауын, осы кабельдің қосылуы мен ұзындығын көрсете отырып, жеткізуді ұйымдастырады;
- ШДҚ орталық құрылғысы мен 220кВ ШДҚ қосылымдарының жеке блоктары арасында коммуникациялық қателердің бар-жоғын тексеруді жүргізеді;
- 220кВ ШДҚ қосу схемасында коммутациялық жабдықтың жай-күйінің дұрыс көрсетілмеуі анықталған кезде сәйкессіздікті жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау;
- РҚА құрылғыларының ақауларын уақтылы анықтайды және жояды;
- жаңа техниканы енгізу, ескірген және ақаулы жабдықты ауыстыру жөніндегі іс-шараларды орындауға қатысады;
- жаңа үлгідегі құрылғыларды баптау жұмыстарына қатысады;
- Нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ҚС ТҚ-ға жоспарлы ауыстырып қосуларға қатысады;
- техникалық ақпаратты зерделеуді жүзеге асырады;
- жабдықты шығару кезінде коммутациялық аппараттардың жедел бұғаттау жұмысын тексереді;
- SAS орталық үйлестірушілерінің, қорғаныс терминалдарының ақаулары анықталған кезде ЖАЭТ және РҚжЭҚ басшылығына жедел хабарлайды;
- техникалық пайдалану қағидаларына, техника қауіпсіздігі қағидаларына, дайындаушы зауыттардың нұсқаулықтарына, табиғат қорғау заңнамасының талаптарына және басқа да қолданыстағы нормалар мен қағидаларға сәйкес ЖАЭТ РҚжЭ жабдықтарын пайдалануды қамтамасыз етеді;
- РҚА жаңғыртуға байланысты жұмыстарды орындауды жүзеге асырады;
- РҚА құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану деңгейін бақылайды және ЖАЭТ РҚА топтарының және оған бекітілген қосалқы станциялардың жұмысына техникалық басшылықты жүзеге асырады;
- алдын алу жоспарлы тексерулердің уақтылы жүргізілуін бақылайды. Осы жұмыстарды жүргізуге қатысады;
- қорғау және автоматиканы тексеру құрылғыларымен, бақылау-өлшеу аспаптарымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
- жаңа үлгідегі құрылғыларды қосу кезінде РҚА тобын қажетті консультациямен баптау бағдарламасымен қамтамасыз етеді, баптау жұмыстарына жеке өзі қатысады;
- жұмыстарға енгізу бағдарламаларын жасайды, қорғау, автоматика, өлшеу құрылғылары бөлігінде қосалқы станцияда жаңа объектілерді пайдалануға қабылдауды жүргізеді;
- ЖАЭТ РҚжЭ құрылғыларына техникалық қызмет көрсетудің жұмыс бағдарламаларын жасайды;
- қосалқы станциялардағы релелік қорғау және автоматика жұмысындағы аварияларды, істен шығулар мен ақау жағдайларын тергеуге және талдауға қатысады;
- техникалық ақпаратты зерделейді, озық тәжірибені таратады, еңбекті ұйымдастырудың озық әдісі бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысады;
- жобалау ұйымдары орындайтын РҚА құрылғыларының жобаларын қарайды және оларға ескерту береді;
- жедел бағдарламаларды, РҚА құрылғыларындағы күрделі жұмыстарға өтінімдерді немесе РҚА схемаларындағы операцияларға байланысты күштік жабдықтағы жұмыстарды дайындауға және қарауға қатысады;
- ЖАЭТ ҚС РҚжЭ құрылғыларына техникалық қызмет көрсетудің көпжылдық, жыл сайынғы, айлық жоспар-кестелерін жасайды, кейіннен РҚжЭҚ келісу үшін ұсынады;
- РҚжЭ инженері РЗ, АА-ны жаңғыртуға байланысты жұмыстарды орындайды, бұдан басқа: РҚА цифрлық құрылғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану деңгейін бақылайды және пайдаланушы көлемінде дербес компьютерде жұмыс істеу дағдыларына ие болады;
- РҚА сандық құрылғыларының техникалық жай күйі мен пайдалану деңгейін бақылайды және пайдаланушы көлемінде Дербес компьютерде жұмыс істеу дағдыларына ие;
- сеніп тапсырылған мүлікке ұқыпты қарайды және залалды болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды. Инженерлік ноутбуктің техникалық жай-күйі мен тиісті пайдалануына дербес жауапты болады, төменде көрсетілгендерді қоспағанда, бөгде БҚ орнатуға жол бермейді:
- Sicam PlusTools МжБЖ медиа құрылғыларының конфигурациясы үшін;
-Digsi РҚА құрылғылары үшін;
- 7zip, RAR, zip архиваторы;
- антивирустық қорғаныс;
- RecProtec серверінің техникалық жай-күйі мен тиісті пайдалануы үшін дербес жауапты болады, төменде көрсетілгендерді қоспағанда, бөгде БҚ орнатуға жол бермейді:
-Digsi РҚА құрылғылары үшін;
- 7zip, RAR, zip архиваторы;
- Sicam RecPro РҚАҚ зақымдану осциллограммаларын зерттеу және талдау үшін.
Талаптар:
- Білім деңгейі – жоғары (техникалық) білім;
- Қажетті тәжірибе - электр энергетикасы саласында кемінде 3 жыл.
Шарттар:
- Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Сәтбаев қ., Жезқазған қ. тұру міндетті.
Қажетті қабілеттер
- • Опытный пользователь PC (MSOffice: Word, Excel); • Знание казахского, русского языков.
- • PC тәжірибелі пайдаланушы (MSOffice: Word, Excel); • Қазақ, орыс тілдерін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
Кен орындарын игеру кезіндегі асқынуларға қарсы күрес қызметінің инженер (аутстаффинг)
Филиалы «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС «ҚазҒЗЖИмұнайгаз» | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтау қ.
14.01.2025 | 27
«Теміржолсу-Қызыл-Орда» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің сатып алу жөніндегі инженері
ТОО "Теміржолсу-Кзыл-Орда" | Еңбекпен толық қамтылу
| Қызылорда облысы
14.01.2025 | 687
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалы РБ-8 Тараз салалары бойынша қозғалыс қауіпсіздігі бойынша Ревизор
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Центр диагностики пути» | Еңбекпен толық қамтылу
| Жамбыл облысы
14.01.2025 | 251
от 474200