ЖТҚЖ жүйесін дамыту жөніндегі жетекші инженері

до 474000 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
856

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:
- IBM MAXIMO жүйесінде зауыт персоналын оқытуды ұйымдастыру және өткізу.
- IBM MAXIMO жүйесін пайдаланушылар үшін әдістемелік материал құрастыру.
- IBM MAXIMO бағдарламасында ЖТҚЖ басқару жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін тұрақты кеңейтуге және стандарттауға қатысу.
- IBM MAXIMO бағдарламасын пайдаланушыларының жұмысын үйлестіру.
- МӨЗ тағайындалған учаскесінде техникалық қызмет көрсету үшін IBM MAXIMO-да оларды жоспарлау мақсатында жұмыстарды бастапқы бағалау.
- Әзірлеуші зауыттар паспорттарының, нұсқаулықтардың, технологиялық регламенттердің, қауіпсіздік техникасы қағидалары мен нормаларының талаптарына сәйкес IBM MAXIMO-да жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыруға қатысу.
- Тоқтатып жөндеудің ақаулы ведомостарын, IBM MAXIMO-да жабдықты жөндеуге арналған ай сайынғы жоспарлы ақаулы ведомостарды қалыптастыру.
- Кәсіпорын жабдықтарына жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар, регламенттер әзірлеу.
- IBM MAXIMO-да ЖТҚЖ бөлімінің топтары бойынша жабдықтың қосалқы бөлшектерінің тізбесін қалыптастыру, тексеру.

Біліктілік талаптары
- «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Химиялық өндірістердің машиналары мен аппараттары», «Мұнай-газ ісі» мамандықтары бойынша жоғары білім болуы тиіс.
- Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл болуы керек.

Білім және дағдылар:
- «zakup.sk.kz» порталдағы жұмысты білу.
- IBM MAXIMO жүйесін білу.
- 1С: кәсіпорын бағдарламасында жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.
- «AutoCAD», «Autodesk», «Компас 3D» бағдарламаларында жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.