Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер санаты жоқ/ II санатты / I санатты / жетекші (заявкасы№ 21-01-03/39 26.04.2023г, Өскемен қ)

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
828

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Санаты жоқ азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер міндетті: Әзірлеуге: - соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспары; - «ҮМЗ» АҚ объектілік төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары; - «ҮМЗ» АҚ азаматтық қорғаныстың басқару құрылымын; - азаматтық қорғаныс саласындағы Мемлекеттік бақылау органдарына және жоғары тұрған ұйымдарға АҚ және ТЖ бойынша қажетті ақпарат, құжаттама және есепті құжаттарды. Бақылауды қамтамасыз ету: - басқару органдарын, азаматтық қорғау құралымдарын, эвакуациялық органдарды төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындығын құруға және қолдауға; - құрылымдық бөлімшелерде сейсмикалық жаттығулар мен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізуге; - «ҮМЗ» АҚ персоналын мамандандырылған бөгде ұйымдарда азаматтық қорғаныс бойынша оқытуға; - жергілікті хабарлау жүйесін қолдануға дайын болу үшін лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді «ҮМЗ» АҚ-да және оған іргелес бөгде ұйымдарда, ШҚО ТЖД-да электросиреналардың жұмысын жоспарланып отырған тексерулер туралы хабардар етуге. Бөлімшелерге АҚ бойынша әдістемелік басшылық көрсету және персоналды даярлауға бақылау жүргізу. Ұйымдастыру: - азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын кешенді тексеру жөніндегі комиссияның жұмысы, тексеру нәтижелері бойынша акт дайындау және актіде белгіленген сәйкессіздіктердің жойылуын бақылауды қамтамасыз ету Жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын және нұсқауларын орындау. Сақтау: - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережесін. - құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын. Жүргізу: - нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша іс жүргізу, құжаттаманың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету. Ұсыну: - лауазымдық нұсқаулық шеңберіндегі есептер, анықтамалар және басқа да сұратылған ақпараттар. Екінші санатты азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер қосымша міндетті: Әзірлеу: - төтенше жағдайлардың алдын алу, әскери жанжалдарды жүргізу кезінде қызметкерлер мен объектілерді қорғау жөніндегі іс-шаралар, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; - басшы құрам, құралымдар, эвакуациялық органдар және құралымға кірмейтін персонал үшін азаматтық қорғаныс бойынша тестілеуді ұйымдастыру және өткізу үшін материалдар; - төтенше жағдайларды тергеу нәтижелері бойынша бұйрықтар. Корпоративтік порталдың WEB-тестілеу бағдарламасының «АҚ және ТЖ» және «АҚ бойынша тестілеу» парақтарын ақпараттық әкімшілендіруді жүзеге асыру, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі ақпарат пен құжаттарды «АҚ және ТЖ» парағында орналастыру және жаңартып отыру, қызметкерлердің АҚ бойынша тест тапсырмаларын тапсыру нәтижелеріне мониторинг жүргізу. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау органдарын тексеру нәтижелері бойынша актілерге сәйкес азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бұйрықтар мен іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылау. Бірінші санатты азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер қосымша міндетті: Аудит нәтижелері бойынша сәйкессіздіктердің себептерін талдау және анықтау, түзету шараларын әзірлеу және олардың нәтижелілігіне бағалау жүргізу. Ұйымдастыру: - кешенді жаттығулар, штабтық жаттығулар және жалпы сейсмикалық жаттығулар өткізу; - өткен жылғы азаматтық қорғаныс бойынша қорытынды шығару және келесі жылға міндеттер қою, жалпы зауыттық оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу бойынша кеңестер өткізу. Әзірлеу: - оқу-жаттығулар мен жаттығуларды дайындау және өткізу туралы бұйрықтар, дайындықтың күнтізбелік жоспарлары, оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу жоспарлары, оқу-жаттығулар мен жаттығуларға қатысушыларды тыңдау жоспарлары, АҚ бойынша іс-шараларды өткізу туралы есептер және т. б.); - баяндамалар мен презентациялар түріндегі кеңестерге материалдар Эвакуациялық комиссия құрамында бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар болған жағдайда «ҮМЗ» АҚ қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа эвакуациялау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Бөлімшелерде АҚ жай-күйін тексеруді жоспарлау және жүргізу, тексеру нәтижелері бойынша актілер дайындау және актілерде белгіленген сәйкессіздіктердің жойылуын бақылауды жүзеге асыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші инженер қосымша міндетті: Әзірлеу: - стандарттар, кәсіпорын нұсқаулықтары, әдістемелік нұсқаулар, ережелер, дайындық бағдарламалары және т.б. «ҮМЗ» АҚ-ның нақты шарттарына қатысты нақтылайтын және регламенттейтін құжаттар, салалық және салааралық Қағидалардың, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары. Қатысу: - азаматтық қорғаныс мүлкінің қол сұғылмайтын қорын түгендеу жөніндегі комиссияның жұмысында, комиссия отырысының хаттамаларын дайындауда; - радиациялық аварияларды жою штабының жұмысында; - төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия құрамында объектілік ТЖ туындаған кезде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізуде; - эвакуациялық комиссияның жұмысында; - объектілік төтенше жағдайлардың себептері мен мән-жайларын тергеуде және олардың салдарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуде.

Білім:

Кәсіби (техникалық) орта білімнен төмен емес.

Дағдылар:

5.2.1 сыртқы ресурстан қабылдау кезінде: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасының құжаттандыру ережесі және ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың нысандары. 5.2.2 ішкі ресурстан ауыстыру кезінде (5.2.1-тармаққа қосымша): «ҮМЗ» АҚ басқару құрылымы; менеджмент жүйесінің негіздері; «ҮМЗ» АҚ Ұжымдық шарты, «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелері; «ҮМЗ» АҚ-дағы құпиялылық режимінің, өткізу режимінің, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің талаптары; «ҮМЗ» АҚ-да еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптары; «ҮМЗ»АҚ құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері. 5.3 Біліктілік талаптарына сәйкестікті бағалау кезінде АҚ және ТЖ жөніндегі инженер «ҮМЗ»АҚ АҚ және ТЖ жөніндегі инженердің білімін бағалау үшін негіздеме - Құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың талаптарын білуге тестілеуден өтеді.

Қосымша:

Санаты жоқ азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер 162 150 теңгеден 308 085 теңгеге дейін; Екінші санатты азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер 188 000 теңгеден 357 200 теңгеге дейін; Бірінші санатты азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер 204 920 теңгеден 389 348 теңгеге дейін; Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші инженер 222 310 теңгеден 422 389 теңгеге дейін.

Білетін тілдер:

-