Жұртшылықпен байланыс жасау маманыны (аутстаффинг шарты бойынша)

до 310000 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
46

Қаралған саны:
1828

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:
- кәсіпорынның сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін кәсіпорынның қызметі туралы баспасөз-хабарламалар мен өзге де ақпараттық материалдарды дайындау;
- жұртшылықпен байланыс бөлімінің әлеуетті мердігерлерінің қызметтеріне техникалық сипаттамалар дайындау;
- бастапқы төлем құжаттарын ресімдеу (қызметтер көрсетуге арналған актілер, қаражатты жұмсауға арналған өтінімдер, 1С-дағы қызметтерге өтінімдер, контрагенттерге төлем жасауға арналған тапсырмалар);
- корпоративтік сайтта, инстаграм аккаунтында және You Tube арнасында ақпараттық хабарламаларды, баспасөз-хабарламаларын, ақпараттық посттарды, фотоиллюстрацияларды, сондай-ақ бейнероликтерді орналастыру;
- электрондық корпоративтік пошта арқылы ақпараттық хабарламалар мен дайджесттерді жіберу;
- БАҚ және мүдделі тұлғалардың сұранысы бойынша кәсіпорынның қызметі туралы фото-және бейнематериалдар ұсыну.

Біліктілік талаптары:
- «Журналистика», «Филология», «Қоғаммен байланыс», «Орыс/қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандықтары бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім болуы тиіс;
- жұмыс өтілі талап етілмейді.

Білімі және дағдылары:
- орыс және/немесе қазақ тілдерінің грамматикасы мен стилистикасын білу қажет;
- қолданыстағы редакциялау нормативтерін білу керек;
- әдеби жұмыс және мәтін құру дағдылары болуы тиіс;
- фото ісі, дизайн, қоғаммен байланыс және БАҚ курстарын аяқтау туралы сертификаттардың болғаны жөн;
- орыс, қазақ және ағылшын тілдерін білу керек;
- InDesign және/немесе Photoshop, CorelDraw, Adobe Master Collection графикалық бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)