Күрделі құрылыс қызметінің 2 санатты инженері

234900 - 234900 KZT
"KEGOC" АҚ Рудный қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
755

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Қызметтің іс қағаздарын жүргізуге, келіп түскен құжаттама мен хат-хабарларды қабылдауға және тіркеуге, оның сақталуын қамтамасыз етуге, құжаттардың өтуін есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ іс қағаздарын жүргізумен аяқталған құжаттарды техникалық ресімдеуді жүзеге асыруға;

  • жергілікті атқарушы органдардан объектіні салуға, өзгертуге, кеңейтуге, жаңғыртуға, реконструкциялауға рұқсат сұрау; құжаттардың қозғалысын қадағалау;
  • филиалдың инвестициялық бағдарламасы жоспарының жобасын жасау үшін күрделі құрылыс объектілеріне жобалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарының құнын есептеу және сметасын жасау, материалдар дайындау;
  • мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;
  • келіп түскен жобалардың «сметалар» бөлімі бойынша ескертулерді тексеру және беру;
  • құрылыс объектілері бойынша мердігерлерден орындалған жұмыстардың № 2, КС-3 нысандары бойынша бағалар мен есептеулерді тексеру;
  • объектілер бойынша шығындарды қайта бөлу анықтамасын жасай отырып, ОС-1 нысаны бойынша қабылдау-тапсыру актілерін ресімдеу;
  • объектіні пайдалануға қабылдау актілеріне қосымшаларды (негізгі құралдардың толық жазылуы) ресімдеу;
  • «KEGOC» АҚ бекітілген нысандары бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуының жылдық есебін дайындауға қатысу;
  • қызмет бастығының білімімен функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде филиалдың басқа қызметтері мен құрылымдық бөлімшелеріне техникалық құжаттаманы, деректерді және ақпаратты ұсыну;
  • өзінің тікелей басшысына немесе жоғары тұрған басшысына адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін кез келген жағдай туралы, өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы немесе өзінің денсаулық жағдайының нашарлауы туралы, оның ішінде жіті кәсіптік аурудың (уланудың)белгілері туралы дереу хабарлайды;
  • қызметке жүктелген негізгі міндеттерден туындайтын өзге де функциялар мен міндеттерді орындау.

Талаптар:

  • Электроэнергетика, құрылыс немесе техникалық мамандықтар  профилі бойынша жоғары білім;
  • Электроэнергетика немесе құрылыс профилі бойынша жұмыс өтілі инженер лауазымында 3 жылдан кем емес;
  • ПК тәжірибелі қолданушы (MSOffice: Word, Excel, PowerPoint), бағдарламалық  комплекс АВС;
  • Интернет ресурстарын қолдану. Қызметтің жағалай жетекшілік ететін сұрақтары саласында куәліктері, сертификаттары, лицензиялары бар болуы жақсырақ  (АВС бағдарламалық продуктілерін қолдануымен рсурстық әдіспен құрылыс жобаларының сметалық -экономикалық бөлімін құрастыру). 

Шарттар:

Қажетті қабілеттер

  • умение управлять временем,
  • - Навыки деловой переписки

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман