4-5-6 разрядты слесарь-жөндеуші тантал өндірісі № 10 цехы № 4 бөлімше

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
565

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

4 разряд бойынша білуі тиіс: - жөндейтін жабдықтардың, агрегаттың және машиналардың құрылғысын; - машиналарды реттеу ережелерін; жабдықтарды, агрегатты және машиналарды жөндеу, жинақтау және сынау процесінде ақауларды жою тәсілдерін; - қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптардың қрылымын, тағайындалуын және қолдану ережелерін; - ерекше және әмбебеп құрылғылардың құрылымын; күрделі емес әртүрлі детальді белгілеу және өңдеу тәсілдері; - рұсқат және қондыру жүйесін; квалитеттер мен бұдырлық көрсеткіштерін; қышқылға төзімді және басқа қосылыстардың қасиеттерін; жабдықтың жоспарлы-алдын алу жөндеудің негізгі қағидаларын; 5 разряд бойынша білуі тиіс: - жөндейтін жабдықтардың, агрегаттың және машиналардың құрылымдық ерекшеліктерін; - жөндеуге, жинақтауға, сынауға және реттеуге техникалық шарттар және жабдықтарды, агрегатарды және машиналарды орнату дұрыстығын тексеру; - жабдықты жөндеу, жинақтау және монтаждаудың технологиялық процесін; жабдықтарды машиналардың статикалық және динамикалық теңестірілуіне сынау ережелері; - күрделі белгілеуде геометриялық құрылымдар; детальді мерзімінен бұрын тозуды анықтау тәсілдері; - тозған детальді қалпына келтіру және нығыздау, және қорғаныс жабын жағу. 6 разряд бойынша білуі тиіс: - жөндейтін жабдықтардың, агрегаттың және машиналардың құрылымдық ерекшеліктерін, кинематикалық және гидравликалық сызбаларды; жөндеу, жинақтау, монтаждау, беріктікке тексеру және жөнделген жабдықты сынау әдістері; - жабдықтың жұмыс істейтін деталіне, түйініне, механизміне рауалы жүктеме; - сынықтарды, тот басып тозу және апаттың алдын алу шаралары; Тиісті разрядтар бойынша көрсетілген білуге тиіс талаптарға қосымша слесарь-жөндеуші білуі тиіс: - электртехникалық емес персонал үшін ірінші рұқсат тобы көлемінде электр қауіпсіздігін; - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы негіздерін және әлеуметтік менеджмент жүйесін; - өндіріс экономика негіздерін; - «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы менеджмент жүйесі талаптары, (СМЖ, ҚОМЖ, ЕҚжәне ЕҚҚ МЖ, ЭНМЖ). -«ҮМЗ» АҚ қолданыстағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрттік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша нормативтік актілер жүйесі; - «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртіп ережелері - жұмыс нұсқаулықтар

Білім:

Жалпы орташадан төмен емес

Дағдылар:

4 разряд бойынша: - күрделі түйіндер мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу, жинақтау және сынау бойынша жұмыстарды жүргізу; - күрделі жабдықтарды, агрегатты және машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу, баптауды жүргізу және жабдықтарды жөндеуден кейін тапсыру; - 7-10 квалитеттер бойынша детальдар мен түйіндерді слесарьлық өңдеуден өткізу; жөндеу және монтаждау үшін күрделі құрылғыларды дайындау; - жөндеуге ақаулық ведомость жасау; көтерме-көліктік механизмдер мен арнайы құрылғыларды қолданумен такелаж жұмыстарын жүргізу. 5 разряд бойынша: - күрделі жабдықтарды, агрегатты және машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу, баптауды жүргізу және жабдықтарды жөндеуден кейін тапсыру; - 6-7 квалитеттер бойынша детальдар мен түйіндерді слесарьлық өңдеуден өткізу; жүктемелі және нығыз төселген жағдайда түйіндер мен жабдықтарды жөндеу және жинақтау бойынша жұмыстарды жүргізу. 6 разряд бойынша: - күрделі ірі өлшемді, ерекше, тәжірибелік жабдықтарды, агрегатты және машиналарды жөндеу, монтаждау, бөлшектеу, сынау, реттеу, баптауды жүргізу және жабдықтарды жөндеуден кейін тапсыру; - жабдықтарды пайдалану және жөндеу процесінде тексеру кезінде ақауларды анықтау және жою; - жөнделген жабдықтың жүктемесімен нақтылыққа тексеру және сынау жүргізу.

Қосымша:

Еңбек жағдайларының сипаттамасы: - егер айына максималды мөлшері 0,42 мЗв аспаса, радон және оның қысқа мерзімді еншілес бөліну өнімдерінің; минералды майлардың аэрозолі, тантал, ниобий және оның қосылыстарының шаңдарының әсерімен байланысты 2-дәрежелі зиянды еңбек жағдайлары; минералды майлардың аэрозолі, тантал, ниобий және оның қосылыстарының шаңдарының әсерімен байланысты зиянды еңбек жағдайлары. Болжамды еңбек ақы мөлшері: 4 разряд бойынша 138 650 теңгеден бастап 5 разряд бойынша 162 150 теңгеден бастап 6 разряд бойынша 182 125 теңгеден бастап

Білетін тілдер:

Талап қойылмайды