еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер

413000 - 413000 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
639

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:
- кәсіпорын бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылау, ұйымдастыру және үйлестіру;
- кәсіпорын бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманың жүргізілуін бақылау;
- жеке қорғаныс құралдарының, арнайы киім мен аяқ киімнің болуын және жай-күйін бақылау;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысу және олардың кәсіпорын бөлімшелерінде болуын бақылау;
- белгіленген нысандар бойынша мемлекеттік органдар мен жоғары тұрған ұйымдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептерді жасау;
- белгіленген мерзімде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария мәселелерін инспекциялаушы органдардың нұсқамаларын орындау бойынша жауаптар дайындау;
- өндіріске байланысты жазатайым оқиға бойынша актіге енгізілген іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылау;
- кәсіпорын жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін, нормалары мен нұсқаулықтарын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
- кәсіпорын жұмысшыларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін, нормалары мен нұсқаулықтарын тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
- кәсіпорын бөлімшелерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын орындауын бақылау;
- санитариялық-техникалық құрылғылардың, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлардың, жұмыскерлердің ұжымдық және жеке қорғану құралдарының жай-күйіне тексеру жүргізуге қатысу, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін айқындау.

Біліктілік талаптары:
- «Тіршілік қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білім;
- ҚжәнеЕҚ жөніндегі инженер ретінде кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

Білімі және дағдылары:
- еңбекті қорғау саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу;
- еңбекті қорғау мәселелері бойынша құжат айналымы мен есептілік талаптарын білу;
- мемлекеттік тілді жетік білу, мемлекеттік тілде іс жүргізу дағдылары болуы қажет.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман