Лауазымдық жауапкершілік:
-Білім:
орташа білім деңгейден төмен емес, тиісті кәсіптік даярлықтың болуыДағдылар:
Компоненттерді алдын ала бөлмей, қабылданған әдістеме бойынша күрделілігі орташа талдаулар жүргізу. Талданатын материалдардағы заттың пайыздық құрамын әртүрлі әдістермен анықтау. Материалдар мен заттардың тұтқырлығын, ерігіштігін, үлес салмағын пикнометрмен, Рейд бойынша будың серпімділігін, индукциялық кезеңді, талданатын өнімдердің қышқылдығы мен кокстелуін, жабық тигельдегі тұтану температурасын және мұнай мен мұнай өнімдерінің қатаюын анықтау. Күрделі емес титрлерді орнату және тексеру. Кеннің, хромды, никельді, хромоникельді болаттардың, шойындар мен алюминий қорытпаларының, металлургиялық процестер өнімдерінің, флюстердің, отын мен минералды майлардың түрлі сынамаларының химиялық құрамына әр түрлі талдаулар жүргізу. Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі күкірт пен хлоридтердің құрамын анықтау. Арнайы жабдықта лак-бояу өнімдері мен цементтің физика-химиялық қасиеттерін анықтау және күрделі талдаулар жүргізу. Лак-бояу материалдарына арналған еріткіштерді таңдау. Талданатын материалдарды талдамалы таразыда өлшеу. Зертханалық жабдықтарды жөндеу. Зертханалық қондырғыларды біліктілігі анағұрлым жоғары зертханашының басшылығымен қолда бар схемалар бойынша құрастыру. Зертханалық қондырғының жұмысын бақылау және оның көрсеткіштерін жазу.
3 - разрядты химиялық талдау зертханашысы білуі тиіс:
- жалпы және аналитикалық химия негіздері;
- титрлерді орнату және тексеру тәсілдері;
- қолданылатын реактивтердің қасиеттері және оларға қойылатын талаптар;
- күрделілігі орташа талдаулар жүргізу әдістемесі және қолданылатын реагенттердің қасиеттері;
- қызмет көрсетілетін учаске бойынша орындалатын талдауларға және тауар өнімдеріне мемлекеттік стандарттар;
-аналитикалық таразыларды, электролиз қондырғысын, фотокалориметрді, рефрактометрді және басқа да ұқсас аспаптарды пайдалану ережесі;
- сынамалар мен жүргізілетін талдаулардың сапасына қойылатын талаптар; еріту, сүзу, экстракция және кристалдану процестері;
- зертханалық жабдықты баптау ережесі.Қосымша:
жұмыс әдісі вахталық емес Білетін тілдер:
-