Арна лизингі бизнес талдаушысы

«Қазақтелеком» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
556

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) байланыс операторларынан және жалға алушылардан IPVPN желісіне қатынауды ұсынуға, байланыс арналарын ұйымдастыруға және тұтынушылардың байланыс құралдарына падаланушылық-техникалық қызмет көрсетуге келіп түскен өтініштерді өңдеу бойынша Қоғамның техникалық қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • 2) IPVPN желісіне қосылуды қамтамасыз ететін байланыс арналарын жалдау туралы жасалған келісімдер аясында тиісті/бекітілген байланыс операторларымен және жалға алушылармен өзара іс-қимыл жасау;
  • 3) байланыс операторларымен және жалға алушылармен шарттар/ келісімдер дайындау, тұтынушылармен және Қоғамның бөлімшелерімен шарттардың талаптарын келісімдеу, шартты одан әрі жасау үшін тендерлік/конкурстық құжаттаманы дайындау;
  • 4) тиісті/бекітілген байланыс операторларымен жұмыс істеуге тартылған Қоғамның бөлімшелері мен филиалдарының жұмысын үйлестіру;
  • 5) ағымдағы дебиторлық берешек бойынша тиісті/бекітілген байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау;
  • 6) тиісті/бекітілген байланыс операторлары тарапынан туындаған мерзімі өткен дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша Қоғам бөлімшелеріне материалдар дайындау;
  • 7) орындалған жұмыстар актілерін дайындау және оларды байланыс операторларымен және жалға алушылармен келісімделуін қамтамасыз ету;
  • 8) Қоғамның филиалдарымен жасалған және Департамент жетекшілік ететін байланыс операторларымен шарттар бойынша өзара іс-қимыл жасау;
  • 9) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша анықтамалық және аналитикалық ақпарат дайындау;
  • 10) ASR BiTTL жүйесінде басқарылатын телекоммуникация операторлары мен жалға алушылар үшін телекоммуникация операторлары мен жалға алушыларға тасымалдау желісінің қызметтері бойынша шот-фактуралар мен шоттар беру. Қаржылық салыстыру актілерін келісімдеу, шот-фактуралар үшін қажетті ақпаратты беру;
  • 11) байланыс операторларына телекоммуникация қызметтерін ұсыну және сату мәселелеріне қатысты барлық нормативтік құжаттарды зерделеу;
  • 12) Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларымен, сондай-ақ байланыс операторларымен жұмыс істеуге тартылған Қоғам бөлімшелерімен және Департамент қызметіне қатысты Қоғам құжаттарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысты Қоғамның ішкі нормативтік және тәртіптемелеуші құжаттарын әзірлеуге қатысу;
  • 13) ішкі бақылау және үдерісті басқару жүйесі аясында – Қоғамның ішкі саясатында, рәсімдерінде және тәуекелдер мен бақылаулар марицаларында тәртіптемеленетін ішкі бақылауды орындау;
  • 14) «Қазақтелеком» АҚ-да қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесі» АҚ СТ 80429-1/008-2018 стандартының талаптарын сақтау және орындау. 15) КБД-да БМЖ жұмыс қалпында ұстау және жақсарту бойынша іс-шараларға қатысу

Талаптар:

  • Бизнес-аналитигінің жоғары білімі және телекоммуникация саласындағы немесе мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Бизнес-аналитик должен иметь высшее образование и стаж работы в области телекоммуникаций или по специальности не менее 3 (трех) лет.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру