Әлеуметтік жобалар бөлімінің менеджері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
463

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Стратегиялық жоспарының регламенті мен ережелерін және әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсету тәртібі туралы ережені сақтау:• Әлеуметтік шығыстарды тұрақты бақылау, олардың әлеуметтік-экономикалық сараптамасын жүргізу және осы салада енгізілетін барлық өзгерістердің салдарын болжау мақсатында әлеуметтік шығындарды есепке алудың, талдаудың және мониторингілеудің бірыңғай орталықтандырылған жүйесін жүргізу.• Әлеуметтік жауапкершілікті Компания бойынша біріктіру . • Барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл процесінде туындайтын өндірістік емес тәуекелдерді басқару тетігін әзірлеу және жүзеге асыру (Stakeholder management).• Мүдделі тараптардың шеңберін анықтау (Stakeholder mapping)• Мақсатты қоғамдастық арасында сауалнама жүргізу (Survey)• Көрсетілген әлеуметтік-қайырымдылық көмектің мақсатты пайдаланылуын бақылау.• Іріктеу процесінің транспаренттілігі мақсатында Компанияның құзыретті қызметкерлерін тарта отырып, басым әлеуметтік бағдарламаларды таңдау жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру.• Компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің келесі сыртқы бағыттарын қамтитын Компанияның әлеуметтік бағдарланған бағдарламаларын қалыптастыру және іске асыру (Компанияның басқа департаменттерімен және қызметтерімен бірлесіп) :‐ Демеушілік және әлеуметтік-қайырымдылық көмек;‐ Әлеуметтік инвестиция;‐ Жергілікті қоғамдастықпен және мемлекеттік басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау‐ Бизнес бойынша серіктестермен өзара әрекеттесу;‐ PR қызметі.• Қазақстан Республикасы заңнамасының және Компанияның ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ), қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен PR әлеуметтік жобалар мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;• Уәкілетті мемлекеттік органдармен, Қатысушылармен, сондай-ақ өз құзыреті шегінде және тиісті өкілеттіктері болған кезде өзге де заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынастарда Компанияның мүдделерін білдіру;• Компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету мәселелеріне жетекшілік ету;• Жер қойнауын пайдалану өңірінің әлеуметтік саласын қолдау бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде міндеттемелерді орындау мәселелеріне жетекшілік ету;Бюджетті және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жоспарын жоспарлау, айқындау;• PRG-LEG-02 сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулықтың талаптары мен ережелерін сақтау;• Іскерлік мінез-құлық саясатының - PP-ALM-03 және PRG-CoC мінез-құлық және іскерлік әдеп кодексінің талаптары мен ережелерін сақтау.• "Компанияның негізгі тәуекелдеріне тәуекел-тәбетті және төзімділік деңгейлерін анықтау және мониторингілеу" нұсқаулығының, "Компанияның негізгі тәуекел көрсеткіштерін, ережені анықтау және мониторингілеу" нұсқаулығының, "Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және Компанияның Тәуекелдерін басқару әдістерін, Компанияның тәуекелдерді басқару саясатын айқындау қағидалары;• Әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсету тәртібі туралы ереженің талаптарына және PRG-LEG-02 сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулықтың ережелеріне сәйкес "due diligence" (кешенді тексеру) процесін жүргізу.• Әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсету үшін қажетті бастапқы және қосымша құжаттарды жинауды және тексеруді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсету шарттарының орындалуын мониторингтеу, әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсету мәселелері бойынша сұрау салуларды жіберу және алу, сондай-ақ әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсету нәтижелері бойынша сұрау салуларға мониторинг жүргізу, есептерді алу және тексеру.• Әрбір күнтізбелік жыл ішінде жұмсалған және әлеуметтік-қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған қаражаттың есебін жүргізу және жыл қорытындысы бойынша көмек алушылар туралы мәліметтерді, көрсетілген көмектің мөлшері мен нысанын, сондай-ақ нысаналы көмекті тиісінше пайдалану туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, қаражаттың жұмсалуы туралы есеп жасау.• Өз құзыреті шегінде жұмыс берушінің барлық бекітілген саясаттарының, рәсімдерінің, нұсқаулықтарының және басқа да актілерінің жеке сақталуын қамтамасыз ету;• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда).• Компанияның Бас директорына және/немесе Бақылау және қадағалау жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау.• Тікелей басшыға менеджердің лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.

Білім:

Жоғары экономикалық білім

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;• Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органдарының жұмысы саласындағы білім;• Түркістан облысындағы әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайды түсіну.• Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Солтүстік Америка заңнамасы саласындағы білім.• Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік теориясы мен практикасы саласындағы білім;• Қоғаммен байланыс саласындағы білім;• Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл саласындағы білім;• Мемлекеттік басқару органдарымен ынтымақтастық саласындағы білім.

Қосымша:

• Мемлекеттік органдардың өкілдерімен және т.б. келіссөз жүргізу дағдылары мен қабілеті;• Дербек компьютер мен басқа да техникалық құралдарды сенімді пайдалану;

Білетін тілдер:

Орысша - жетік;Ағылшынша – сөйлесу