Комплаенс қызметінің жетекші маманы (декреттік демалыс кезеңіне аутстаффинг шарттарында)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
648

   Конкурс туралы

Білімі:

  • Жоғары білім – құқықтану, қаржы, экономика;
  • Менеджмент/экономика/қаржы/МВА/басқа (болғаны абзал) бойынша магистр дәрежесінің болуы.

Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:

  • Комплаенс саласында кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі (мүмкіндігінше – мұнай-газ компанияларында, соның ішінде ішкі бақылау, тәуекел-менеджмент, юриспруденция бөлімшелерінде).

Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар:

  • Комплаенс саласында халықаралық үлгідегі сертификаттың болуы («Ica International Diploma in Governance Risk and Compliance» немесе ұқсас сертификаттар) (болғаны абзал).

Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар:

  • Мемлекеттік тіл В 1, ағылшын тілі В 1.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

  • ҚР заңнамасын  және комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес саласындағы халықаралық заңнаманы білу; 
  • Жаһандық салалық трендтерді білу, ҚР нарығының конъюнктурасын түсіну
  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ҚМГ ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында; 
  • Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында; 
  • Сапа менеджментінің, қоршаған ортаны қорғаудың, денсаулықты қорғаудың және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, орнықты дамудың, ақпараттық қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі саласында жүзеге асырылады.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Этика және комплаенс бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, компанияда корпоративтік мәдениет құру саласындағы тәжірибе мен дағдылар; 
  • Комплаенс мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу дағдылары және әдеп, сондай-ақ комплаенс-рәсімдер шеңберінде бизнес-процестердің мониторингі жөніндегі іс-шараларды жүргізу, тергеулер жүргізу, этика және комплаенс саласында есептілікті қалыптастыру;
  • Жедел желіге / бастамашыл ақпараттандыру желісіне келіп түсетін өтініштермен жұмыс тәжірибесі (кейіннен тергеумен және түзету шараларын қабылдаумен) үздік халықаралық практика негізінде; 
  • Қарым-қатынастың (ауызша, жазбаша) және тұлғааралық тиімді өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі, келіссөздер жүргізу дағдылары;
  • Ағылшын, мемлекеттік және орыс тілдерін білу.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

  • ҚМГ-ның, оның лауазымды тұлғалары мен басқа да қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының инсайдерлік ақпарат бөлігіндегі талаптарын, сондай-ақ Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратуға және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеуге арналған ҚМГ Ішкі бақылау қағидаларын сақтауына ішкі бақылауды жүзеге асыру. ҚМГ инсайдерлерінің тізімін жүргізу және өзекті күйде ұстау, оның бекітілуін қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда). Инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеуге арналған ҚМГ-ның ішкі құжаттарында көзделген тыйым кезеңдері туралы инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын адамдарды жазбаша хабардар ету. Инсайдерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын және инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратуға және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеуге арналған ҚМГ ішкі бақылау қағидаларын бұзушылықтарды анықтаған кезде ден қою шараларын қабылдауға жәрдемдесу. Қазақстан Республикасының заңнамасындағы және ресми тізімдеріне ҚМГ бағалы қағаздары енгізілген қор биржаларының ішкі құжаттарындағы инсайдерлік ақпарат, ҚМГ-ның өз қызметі туралы ақпаратты ашуы мәселелері бөлігіндегі өзгерістерге мониторинг  жүргізу және ҚМГ қызметкерлерін осындай өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, ресми тізімдеріне ҚМГ бағалы қағаздары енгізілген қор биржаларының ішкі құжаттарының ҚМГ-ға листингтік компания ретінде қойылатын талаптарын сақтауын қамтамасыз ету үшін оқудан өту және қажетті құзыреттерді алу мақсатында ҚМГ инсайдерлері болып табылатын ҚМГ қызметкерлерінің тізімін қалыптастыру. ҚМГ Директорлар кеңесі үшін ҚМГ лауазымды тұлғаларының және басқа да қызметкерлерінің инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын ажыратуға және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігін болдырмауға арналған ҚМГ ішкі бақылау қағидаларын сақтауы бойынша ақпаратты, ҚМГ инсайдерлері болып табылатын ҚМГ қызметкерлері үшін жүргізілген оқыту нәтижелері бойынша есепті дайындау. Инсайдерлік ақпаратқа иелік ету мен пайдалануды бақылау мәселелері бойынша ҚМГ және ЕТҰ қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын (тренингтер, семинарлар) ұйымдастыру және өткізу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр