Шикізатпен қамтамасыз ету және маркетинг департаментінің директоры

ТОО «KMG PetroChem» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
482

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Серіктестіктің «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу  – Екінші фаза (Газ бөлу қондырғысын және өнім құбырларын салу)» және «Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенін салу – Екінші фаза (Полиэтилен өндіру)» жобалары (бұдан әрі - Жобалар) шеңберінде маркетингпен, коммерциялаумен, логистикамен байланысты және шикізатпен қамтамасыз ету бойынша барлық мәселелер бойынша қызметін қамтамасыз ету;
  • «KMG PetroChem» ЖШС компаниясының Маркетингтік стратегиясын әзірлеуді үйлестіру;
  • мүдделі тараптармен ГБҚ үшін шикізатпен және ПЭ үшін ГБҚ, оның ішінде тариф   қамтамасыз ету бойынша шарттарға қол қоюға дайындауға қатысу;
  • Жобаларды іске асыру мәселелері бойынша инвесторлармен келіссөздерге қатысу;
  • Жобаларды іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара қарым-қатынастарда жәрдем көрсету;
  • «KMG PetroChem» ЖШС қызметіне қатысты комиссиялар, комитеттер, жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
  • өз өкілеттіктері шегінде Жобалармен байланысты мәселелер бойынша «KMG PetroChem» ЖШС серіктестері мен контрагенттерінің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • жұмыс нәтижелері туралы есептерді басшылыққа ұсыну;
  • өз құзыреті шегінде Жобалар шеңберінде «KMG PetroChem» ЖШС жасалған шарттардың, келісімдер, хаттамалар және басқа да құжаттардың орындалуына «KMG PetroChem» ЖШС басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;
  • департамент туралы ережеге, сондай-ақ «KMG PetroChem» ЖШС Басқарма төрағасының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасарының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.


Талаптар:

Білімі: Жоғары заң/экономикалық білім.

Жұмыс өтілі: мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде 6 (алты) жыл, мүмкіндігінше маркетинг/лостика саласында жұмыс тәжірибесінің болуы.

  • Бизнес-серіктестермен және/немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және шет мемлекеттердің өкілдерімен келіссөздерді (кеңестер, конференц-қоңыраулар) ұйымдастыру және жүргізу, «KMG PetroChem» ЖШС ұстанымын дәлелді түрде ұсыну және мүдделерін қорғау, тиімді келіссөз позицияларын қалыптастыру дағдылары;
  • Еңбекті ұйымдастыру және басқару дағдылары;
  • Заңнамалық актілермен жұмыс істеу дағдылары;
  • ірі тоннажды тауарларды өткізу нарықтарын талдау және сараптау дағдылары;
  • ірі тоннажды тауарларды экспортқа өткізу бойынша және ішкі нарыққа жеткізу кезінде шарттар жасасу дағдылары;
  • MS Office өнімдерінің тәжірибелі пайдаланушысы;
  • ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу және ағылшын тілін жақсы білу.

Шарттар:

  • жұмыс уақыты 5/2
  • демалыс - 30 күн
  • мед.сақтандыру