Оқыту жөніндегі

"АППАК" ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
285

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

1. Персоналды оқыту және дамыту бойынша серіктестіктің ІНҚ әзірлейді және қажет болған жағдайда өзектендіреді; қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қажеттілігін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асырады;2. Серіктестік қызметкерлері мен жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жоспарларын, кестелерін жасайды;3. Персоналды дамытуға деген қажеттілік негізінде серіктестік қызметкерлерін оқытудың жылдық күнтізбелік жоспарын бекітуді қамтамасыз етеді;4. Оқуға қажетті өтінімдерді ресімдеуді ұйымдастырады;5. Қызметкерлер үшін серіктестіктің білім гранттарын беру жөніндегі конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;6. Қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге өнім берушілермен шарттар жасасуды қамтамасыз етеді, қызметкерлерді және олардың басшыларын оқытуға қатысты хабардар етеді;7. Білім беру мекемелерімен, қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;8. Қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру, даярлау бойынша қаржылық құжаттармен жұмысты жүзеге асырады. SAP ERP жүйесінде төлем құжаттарын дайындайды;9. Өткізілген оқыту нәтижелері бойынша оқыту тиімділігіне бағалау жүргізеді;10. Серіктестік қызметкерлерімен еңбекпен өтеу шарттарын жасасады.;11. Ішкі жаттықтырушылардың жұмысын ұйымдастырады, консультациялық қолдауды жүзеге асырады, ішкі жаттықтырушылармен қосымша келісімдер жасайды;12. Оқыту шығыстары бойынша есептерді тапсырады, ЖБК бойынша есепті қалыптастыруға қатысады.

Білім:

Жоғары; Қаржы-экономикалық/ гуманитарлық/ техникалық

Дағдылар:

* анықтамалық-ақпараттық сипаттағы аналитикалық ақпаратты дайындау бойынша жұмыс дағдылары;* келіп түскен ақпаратты талдау және түсіндіру дағдылары;* қызметкерлердің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау процесін ұйымдастыру саласындағы дағдылар;* персоналды оқыту және дамыту бюджетін қалыптастыру дағдылары;* жүйеде жұмыс істеу дағдылары zakup.sk.kz.* * SAP HCM, SAP ERP, sap, HR eKAP сияқты ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары;* кәсіпорындағы еңбек қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды білу;* тиісті әдістемелік нұсқауларды, тарифтік-біліктілік анықтамалықтарды және құжаттар мен есептерді ресімдеуге қойылатын талаптарды білу;* серіктестіктің Даму стратегиясы мен кадрлық саясатын білу;* "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры " АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу ережелерін білу;* Microsoft Excel-де білікті пайдаланушы деңгейінде жұмыс істеу дағдылары;* қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру

Қосымша:

* кадр саясатын әзірлеудегі тәжірибе;* заманауи HR бағдарламалары мен құралдарын табысты енгізу тәжірибесі;* келіссөздер жүргізу дағдылары.

Білетін тілдер:

Орыс, қазақ-ауызекі техникалық, ағылшын-мүмкіндігінше