Баға маркетингінің маманы / баға маркетингінің жетекші маманы
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
1. Тәртіп пен Әдістемеге, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес «ҮМЗ» АҚ-ның тиісті жылға арналған МТҚ/ Өндірістік қаржы жоспары/ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспары қалыптасқанға дейін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасына маркетингтік зерттеулер жүргізеді. 2. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер Өнім берушілерінің нарығына мониторинг және талдау жүргізеді. 3. Маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін ұсынылатын құжаттаманың дұрыстығын тексереді. 4. «ҮМЗ» АҚ Тапсырыс беруші – бөлімшелеріне маркетингтік зерттеу жүргізу үшін ұсынылатын құжаттамадағы сәйкессіздіктер туралы ақпаратты жедел жеткізуді қамтамасыз етеді. 5. Тауарлар, жұмыстар және қызметтер Өнім берушілерінен коммерциялық ұсыныстарды сұрайды және қарастырады. 6. ТМҚ анықтамалығына жаңа атауларды және «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есептік бағдарламалық кешеніндегі ТМҚ анықтамалығының жаңа және қолданыстағы позицияларына өзекті бағаларды енгізеді 7. «ҮМЗ» АҚ қолданыстағы есептік бағдарламалық кешенінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға өтінімдерді келіседі. 8. ТЖҚ БНА кодтарын беру жөніндегі уәкілетті органмен хат алмасуды жүргізеді және «ҮМЗ» АҚ Тапсырыс беруші – бөлімшелерінен Уәкілетті органның талаптарын ескере отырып, қажетті деректерді сұратады. 9. Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тиісті маркетингтік қорытындыларды Тәртіп пен Әдістемеге, сондай-ақ «ҮМЗ» АҚ өзге де ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес белгіленген тәртіппен ресімдейді. 10. Тиісті жылға арналған «ҮМЗ» АҚ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарына енгізу үшін сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне маркетингтік қорытындылар жібереді. 11. Сатып алу жөніндегі директор қызметінің сатып алуды жоспарлау және ұйымдастыру бөліміне сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің маркетингтік бағасы бөлігінде сатып алу жоспарын түзету қажеттілігі туралы ақпарат береді (қажет болған жағдайда). 12. Менеджмент жүйесінің аудиттерін жүргізуге қатысады. 13. Өнім берушілермен, «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерімен және басқа да ұйымдармен баға маркетингі мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді. 14. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-мен (қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) баға маркетингі мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізеді. 15. Өндірістік мәселелер бойынша орталық бастығына есептерді ұсынады: маркетингтік талдау жүргізу, менеджмент жүйесінің рәсімдерін орындау, лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген міндеттерді орындау, сондай-ақ басшылықтың ережелерімен, нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен айқындалған басқа да есептік құжаттаманы уақтылы ұсынады. 16. Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттаманың жоқтығы немесе толық еместігі туралы орталық бастығына уақтылы хабарлайды. 17. «ҮМЗ» АҚ менеджмент жүйесінің құжаттамасын әзірлейді және өзектендіреді (өз жауапкершілігі бөлігінде). 18. Тапсырмаларды орындауды реттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар береді. 19. Орталықтың бастығы және менеджмент жүйесі жөніндегі уәкіл жолдаған құжаттамамен уақтылы танысады. 20. Сәйкессіздіктерді тіркеуге және талдауға, себептерін анықтауға, түзету (ескерту) әрекеттерін қабылдау қажеттілігін бағалауға қатысады. 21. Жұмыстардың нәтижелілігін арттыру және өз құзыреті саласындағы жұмыстардың орындалуын регламенттейтін құжаттаманың барлық түрлерін жетілдіру үшін іс-шараларды, сондай-ақ «Сатып алу» процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды талқылауға, әзірлеуге және іске асыруға қатысады. 22. Мәселелерді «Сапа күндерінде» қарауға дайындауға қатысады және оларда қабылданған іс-шаралардың орындалуын бақылайды (өз жауапкершілігі бөлігінде).Білім:
Жоғары білім келесі бағыттар бойынша: маркетинг, экономикалық, инженерлік-техникалық, менеджмент немесе заңДағдылар:
Маман үшін – Іскерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары / жетекші маман үшін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында сатып алу саласындағы жетекші маман (менеджер) немесе I санаттағы маман лауазымындағы сатып алу саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жылҚосымша:
Болжамды еңбек ақы мөлшері: Маман үшін - 205 860 теңгеден/ жетекші маман үшін - 272 600 теңгеденБілетін тілдер:
-Ұқсас вакансиялар
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету секторының жетекшісі
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтау қ.
15.12.2025 | 140
"Теміржолсу-Алматы" ЖШС сатып алу және жабдықтау секторының бастығы
ТОО "Теміржолсу-Алматы" | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
15.12.2025 | 128
380879 - 396996
Менеджер
«Инкай» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.12.2025 | 415