«Жолаушылар тасымалы» АҚ Сату және тұтынушыларға қызмет көрсету бөлімінің сату технологиясы бойынша функционалдық аймағының бас менеджері (18-сынып)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Сату технологиясының функционалдық аймағының жұмысын басқару;
- Өз құзыреті шегінде Қоғамға, Қоғамға жүктелген міндеттерді орындау үшін мақсаттар мен міндеттерге жету жолдарын анықтау, функционалдық саланың жұмысын сату технологиялары бойынша дербес жоспарлау және бөлу;
- Билеттерді сатудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану кезінде пайдаланушылар үшін туындайтын проблемалық мәселелерді жинау, талдау және пысықтау;
- Қоғамның билет кассаларының технологиялық процестерін жетілдіру (жаңғырту) және автоматтандыру бойынша техникалық шарттарды әзірлеу және енгізу;
- Жолаушыларды тасымалдауға байланысты бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған IT-жобаларды әзірлеуге және енгізуге қатысу (кассалар мен веб-сайт арқылы жол жүру құжаттарын беру, жолаушыны пойызға отырғызу және т.б.);
- Экспресс автоматтандырылған басқару жүйесі мен Mobius FCS жұмысында билет және багаж кассирлерін қолдау бойынша әдістемелік және технологиялық нұсқаулықтарды әзірлеу;
- Қоғамның компаниялар тобының жолаушылар пойыздарына және жеке жолаушылар тасымалдаушыларына Қоғамның теміржол кассалары, электронды ресурстар және кондуктордың мобильді терминалдары арқылы жол жүру құжаттарын сату процесін ұйымдастыру;
- Теміржол билеттерін сату жүйесі мен процестерін одан әрі дамыту және жаңғырту бойынша Жол карталарын жоспарлау және әзірлеу;
- Бекітілген жол карталары шеңберінде жүзеге асырылған жаңа функционалдық мүмкіндіктерді қабылдау және орындалған жұмыстарға талдау жүргізу;
- Жолаушылар пойыздарына мінетін барлық станциялар мен трассаларда билеттерді сатуды ұйымдастыру үшін MFBKK орнату шараларын талдау және әзірлеу.
Біліктілік талаптары:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы, Тасымалдауды, қозғалысын және темір жол көлігін пайдалануды ұйымдастыру, Ақпараттық жүйелер, Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету, Экономика, Қаржы.
- Тиісті салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр