Санаты жоқ инженер-бағдарламашы, II санатты инженер-бағдарламашы Ақпараттық технологиялар орталығы, корпоративтік қосымшалар мен ақпараттық жүйелерді өңдеу тобы

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
1065

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін, реляциялық және Объектілік ДҚБЖ, RPA, аспаптық және жүйелік бағдарламалау құралдарын пайдалана отырып, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді, WEB-қосымшаларды, WEB-парақшаларды әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу, ішкі және сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл жасайтын бизнес-процестерді роботтандыру және автоматтандыру. Қолданыстағы ақпараттық жүйелерді мемлекеттік органдар порталдарымен интеграциялау тетіктерін әзірлеу және енгізу WEB-серверді әкімшілендіру, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Web-серверде деректерге қол жеткізуді бөлу. «ҮМЗ» АҚ сыртқы сайтында ақпаратты жаңарту бойынша пайдаланушылардың өтінімдерінің орындалуын техникалық қамтамасыз ету және бақылау. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді және автоматтандыру жүйелерін пайдалануға енгізу және оны сүйемелдеу. Жаңа ақпараттық технологияларды игеру, жаңа ақпараттық жүйелерді енгізуге қатысу, топтың қажеттіліктері үшін коммерциялық бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауға қойылатын талаптарды қалыптастыру; Жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «ҮМЗ» АҚ-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асырады. Нұсқаулық шеңберінде жоғары тұрған басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін орындайды. Нұсқаулықтың шеңберінде өзінің тікелей басшысының нұсқаулары мен қызметтік тапсырмаларын орындайды. «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды. Құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтаудың, ақпараттық қауіпсіздіктің, еңбек және өндірістік тәртіптің талаптарын сақтайды. ӨҚжЕҚБ РД № 14.025 сәйкес өндірістік қауіпсіздік саласындағы міндеттерді орындайды. «ҮМЗ» АҚ АТО өтінімдерін есепке алу жүйесінде орындалған жұмыстарды тіркеуді жүзеге асырады.

Білім:

Санаты жоқ / II санатты инженер-бағдарламашы: жоғары техникалық немесе жоғары оқу орнынан кейінгі техникалық білім немесе ақпараттық технологиялар жүйесі / автоматтандыру және басқару бейіні бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Дағдылар:

санаты жоқ инженер-бағдармашы - ПЭВМ кәсіби меңгеруі; топтың әзірлеу және сүйемелдеуіндегі БК бағдарламалау тілдерін білу. II санатты инженер-бағдарламашы - ПЭВМ кәсіби деңгейде меңгеру; жобаны автоматтандырудың пәндік саласын білу, жоба шеңберінде тапсырманың қойылғанын, іске асыруды және қолданыстағы топтың әзірлеу және сүйемелдеуіндегі БК қолданысқа енгізуді білу.

Қосымша:

Санаты жоқ инженер-бағдарламашы: ҚР Еңбек кодексі, ақпараттық технологиялар саласындағы заңнама; іскери хат жүргізу ережелері; экономика, менеджмент, еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу негіздерін; менеджмент жүйесінің негіздерін (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ, СМЖ); құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын; «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің қағидаларын; өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын; құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің талаптары, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияларды сақтау. II-санатты инженер-бағдарламашы: ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы дайындық, ҚР Еңбек кодексі, Экономика, менеджмент, еңбекті ұйымдастыру және оған ақы төлеу негіздері; менеджмент жүйесінің негіздері (СМЖ, ҚОМЖ, ДҚжЕҚҚМЖ, ЭНМЖ, СМЖ); құжаттау және құжаттаманы басқару қағидалары; «ҮМЗ» АҚ еңбек тәртібінің ережелері; өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндіріс мәдениеті жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптары; құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режимнің талаптары, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау;

Білетін тілдер:

-