Хатшы (аутстаффинг шарты бойынша)

259000 - 258998 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
1288

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:
- Басшының әкімшілік-өкімдік қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.
- Басшының қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оны қабылданған шешімге сәйкес құрылымдық бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға жұмыс барысында пайдалану не жауаптар дайындау үшін береді.
- Өз құзыреті шегінде құжаттаманың уақтылы жүргізілуін және тапсырмалардың орындалуын бақылайды.
- Дайындалған құжаттардың жобаларын ресімдеудің дұрыстығын тексере отырып, басшының қол қоюына жұмыскерлердің құжаттары мен жеке өтініштерін қабылдайды, олардың сапалы редакциялануын қамтамасыз етеді.
- Басшының тапсырмасы бойынша хаттар, сұрау хаттар және басқа да құжаттарды құрастырады жауаптар дайындайды.
- Басшы өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмысты орындайды (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізілетін уақыты, орны және күн тәртібі туралы хабардар етеді).
- Басшының телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастырады, ол болмаған кезде алынған ақпаратты жазады және оның мазмұнын жеткізеді.
- Қабылдау-келіссөздер құрылғылары, электрондық пошта, телефонхат бойынша ақпаратты береді және қабылдайды, байланыс арналары арқылы алынған ақпаратты басшының назарына уақтылы жеткізеді.

Біліктілік талаптары:
- Техникалық және кәсіптік / жоғары білім.
- Жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл.

Білімі мен дағдылары:
- Мемлекеттік тілді білу (ауызекі/жазу), ағылшын тілін білу (құпталады).
- Ұйымдастыру техникасымен жұмыс істей білу дағдылары, Word, Excel, Outlook кеңсе бағдарламаларында, эл. құжат айналымы (ЭҚЖ) жүйесінде жұмыс істей білу.
- Microsoft PowerPoint кінәрат талаптарын дайындау дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Озат)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)