«KEGOC» АҚ-ның «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалының Кентау аумақтық электр тораптарының механигі

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
898

   Конкурс туралы

Негізгі лауазымдық міндеттері

- автокөліктің техникалық жай-күйін тексеру;

- жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді және Кентау АЭТ стационарлық АЖБ-нің сынақтары мен техникалық куәландыруының дер кезінде жүргізілуін қадағалау;

- Жылдық және айлық бюджетті жасау кезінде қосалқы бөлшектерді, ЖЖМ, шығын материалдары мен керек-жарақтарды алу үшін өтінімдерді жасау;

- автокөліктің жөндеу-пайдалану жұмыстарын жүргізу;

- материалдарды үлестіру және олардың қызметкерлермен игерілуін қадағалау (қосалқы бөлшектер, жанармай талондары, шығын материалдар, құрал-саймандар);

-бекітілген нормаларға сәйкес ЖЖМ, материалдар мен қосалқы бөлшектердің шығындарына ай сайын талдау жасау, ЖЖМ шығыны бойынша материалдық жауапты тұлғалардан жиынтық есептерді қабылдау және кейіннен басшылық алдында есеп беру.

  -  техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білім деңгейі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта техникалық

Білім бағдары: Автокөлік және автошаруашылық/машина және жабдықтары саласындағы техникалық білім

Кәсіби тәжірибесі: Техник-механик, автошаруашылық

Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру кезінде маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; орта техникалық білім беру кезінде маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білуі қажет: Өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде автокөлікті және арнайы техниканы пайдалану саласындағы талаптарды, салалық ережелерді, нормаларды,  көліктегі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігінің қағидаларын білу.

Жұмыс орны: Түркістан облысы, Кентау қаласы, «Кентау» 220 кВ ҚС.

 

Түйіндеме қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 7-тамызына дейін (қоса алғанда).

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)