Комплаенс қызметінің басшысы
«Самрук-Қазына» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Сыртқы реттеу талаптарының мониторингі;
- Комплаенс мониторингін жүргізу;
- Тәуекелдерді сәйкестендіруді талдау және бағалау;
- Мүдделер қақтығысын реттеу;
- Инсайдерлік ақпаратты пайдалануды бақылау;
- Қордың контрагенттерінің тәуекелдеріне тексеру және талдау жүргізу;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қор тобы қызметкерлерінің өзге де теріс пайдаланулары мәселелері бойынша Қордың бастамашыл хабардар ету желісінің (жедел желісінің) жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Комплаенс мәселелері бойынша коммуникация, оқыту;
- КҚ және өзге ЕТҰ комплаенс қызметтерінің қызметін үйлестіру және мониторингілеу;
- Тексерулер мен тергеулер жүргізу;
- Мінез-құлық кодексін және комплаенс саясатын іске асыру мониторингі;
- Реттеуші органдармен өзара іс-қимыл;
- Сәйкестік процестерін автоматтандыру.
Талаптар:
- Жоғары құқықтық немесе экономикалық білім.
- Халықаралық аккредиттелген немесе басқару (менеджмент)саласында қосымша білімі бар бағдарлама бойынша LLM \ MBA дәрежесінің болуы;
- Кәсіби сертификаттың болуы - Ica International Diploma in Governance Risk and Compliance, ICA Professional Postgraduate Diploma in Governance Risk and Compliance немесе ұқсас сертификаттардың болуы;
- Комплаенс саласындағы 6 жылдан астам жұмыс тәжірибесі, оның ішінде комплаенс саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл;
- Ірі халықаралық немесе қазақстандық компанияда үшінші тұлғаларды кешенді тексеруді (due diligence of third parties\KYC) енгізу және / немесе әкімшілендіру бойынша тәжірибе.