Сметалық жұмыс жөніндегі инженер (cметашы)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1671

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері және жауапкершіліктері:
• жоба аясындағы шығындарды бағалауға қатысты барлық жұмыстардың «НКОК Н.В.» компаниясының Жобаны басқару жүйесіне (НЖБЖ) және қажетіне қарай салалық озық тәжірибелерге сәйкес орындалуын қамтамасыз ету; 
• инженерлік - техникалық жұмыстар жөніндегі мердігер(лер)ден шығындар сметасына әртүрлі деңгейлерде (5, 4 және 3-деңгей) енгізу үшін келетін деректерді ұйымдастыру арқылы жоба бойынша шығындар сметасын дайындау және құжаттау; 
• ақтық инвестициялық шешімді негіздеу үшін 2-деңгей жоба бойынша шығындар сметасын дайындау және құжаттау;
• сметаның бүкіл циклі бойында сметаны әзірлеу хронологиясын жүргізу;
• шығындар сметасының әртүрлі компоненттерін бағалау (жабдық, сусыма материал, құрылыс және т. б.);
• келісімшарт жасау және сатып алу процестерін қолдау жобалары бойынша Компанияның сметасын әзірлеу / дайындау; 
• шешімдерді негіздеу құжаттамасы үшін барлық қажетті бағалау нәтижелерін дайындау; 
• талап етілгенде, күрделі салымдардың тиімділігін арттыруға арналған бастамаларды әзірлеу, жүзеге асыру және / немесе жүзеге асырылуына қатысу; 

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• Инженерлік-техникалық және экономика/қаржы саласында жоғары білімі;
• шығындарды бағалау саласында 5 жыл жұмыс тәжірибесі, сонымен қатар мұнай және газ саласында 7 жылдан аса жұмыс тәжірибесі. 
• жобаның кем дегенде бір кезеңін (тұжырымдама, таңдау, анықтау, іске асыру, пайдалануға тапсыру) және оған қатысы бар негізгі кезеңдерді қамтитын күрделі жобаларға тағайындалу тәжірибесі;
• күрделі жобаны басқару құрылымы, негізгі жұмыс процестері мен озық тәжірибелер бойынша жалпы білімі; 
• бір (екі болғаны лазым) жобаны басқаруға тағайындалған болуы (мысалы, жобаны басқару, жобаның жүзеге асырылуын бақылау, жүзеге асыруды жоспарлау, шығындарды бағалау, жоспарлау және кесте құру) және кәсіби деңгейдегі дағдылары;
• келісімшарт жасау және сатып алу, қаржы бөлімінің бақылау жөніндегі мамандарымен, жасақтамалар бойынша жоспарлау бөлімімен жұмыс істеу тәжірибесі және елеулі қарым-қатынас жасау қабілеті болғаны абзал;
• тиісті құжаттар мен оқу материалдарын (мысалы, процестер мен процедуралар, жұмысты орындау жобалары, жоспарлары және оқу материалдары) әзірлеу, шолу жасау, сын-пікір білдіру және назарға жеткізу бойынша жұмыс тәжірибес.
• жобаны басқару бойынша жалпы білімі, сонымен қатар жаңа нысандардың немесе қолданыстағы нысандардың күрделі жобасы бойынша шығындарды бағалау, жоба бойынша шығындарды бақылау жүйелері, дамыту процестері мен есеп беру жүйелері саласында жұмыс тәжірибесі; 
• адаммен тіл табысу және өзара тиімді қарым-қатынас құру дағдылары және жұмыстық қарым-қатынас орнату қабілеті;
• тез үйрену және қосымша жауапкершілік артуға құлшынысы және қабілеті; 
• мықты талдау дағдылары;
• ұйымдастыру, іскери, тұлғааралық қарым-қатынас құру және тіл табысу дағдылары;
• ағылшын тіліндегі шығындарды бағалау құжаттары мен ілеспе процестерді оқу, жазу және түсіну, және басқалармен, әсіресе жергілікті қызметкерлермен тиімді түрде ақпарат алмасу қабілеті;
• компьютерлік бағдарламалардың негізгі қолданбаларын (мысалы, Word, Excel, PowerPoint, Outlook және т.б.) жақсы білу және ауызша және жазбаша жақсы қарым-қатынас құрумен қатар презентация жасау бойынша дағдылары;
• шетелдегі және елдегі нысандарға іссапармен баруға ынталы болу; 
• ағылшын тілінде жетік араласу (орыс және / немесе қазақ тілдерін білгені артықшылық болып табылады) машықтары;
• игеру жобасы бойынша экономикалық талдау жасау және шешім қабылдау процесі жөнінде терең білімі; 
• мұнайға қатысты дүниежүзілік экономикалық көрсеткіштер бойынша жалпы білімі. 

Қажетті қабілеттер

  • Оценка затрат
  • Английский язык-С2-В совершенстве
  • - Управление проектами
  • смета компании
  • оценка прямых затрат

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)