"Активтерді Басқару" Департаментінің Директоры

«Самұрық - Энерго» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
788

   Конкурс туралы

Қызметтік міндеттері:

1. ЕТҰ әзірлеу, іске асыру мониторингі және талдау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылайды және қамтамасыз етеді;

  1. жетекшілік ететін ЕТҰ бойынша қайталанатын ауытқуларды қысқарту үшін түзету және алдын алу іс-шараларын әзірлеу процесін бақылайды және ұйымдастырады;
  2. жетекшілік ететін мәселелер бойынша ЕТҰ бизнес-жоспарларының орындалуын бақылайды;
  3. қоғамның ЕТҰ Директорлар кеңесі мен байқау кеңестерінің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды;
  4. қоғамның қолданыстағы ЖҰӨ және оның ЕТҰ жарғыларына сәйкес қоғамның басқармасының, сондай-ақ ЕТҰ басқару органдарының/бақылау органдарының қарауына құжаттарды/мәселелерді дайындауды бақылауды қамтамасыз етеді;
  5. ұсыныстарды уақтылы дайындауды, қоғамның активтері мен компанияларын қайта құрылымдау, қайта ұйымдастыру туралы қорытындылар беруді, жетекшілік ететін ЕТҰ-ның ағымдағы қызметін талдауды ұйымдастырады және бақылайды;
  6. жетекшілік ететін ЕТҰ директорлар кеңестерінің/байқау кеңестерінің қарауына шығарылатын мәселелерді қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне келісуге уақтылы жолдауды және осы мәселелер бойынша қорытындылар дайындауға қатысуды қамтамасыз етеді;
  7. жетекшілік ететін ЕТҰ директорлар кеңестерінің/байқау кеңестерінің қарауына шығарылатын мәселелерді қоғамның мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне келісуге уақтылы жолдауды және осы мәселелер бойынша қорытындылар дайындауға қатысуды қамтамасыз етеді;
  8. Қоғам басшылығының тапсырмасы бойынша ЕТҰ акционерлерінің Жалпы жиналыстарына қоғамның өкілі ретінде қатысады;
  9. ішкі нормативтік актілер негізінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар, барлық дауыс беретін акцияларға иелік ететін акционер, қоғам құратын комиссиялар мен жұмыс топтарына қатысады.
  10. Департаменттің жүктелген функциялар мен міндеттерді, оның ішінде активтерді сатуға, сатып алуға, иелену құрылымын өзгертуге, ЕТҰ-ны қайта ұйымдастыруға/таратуға, сондай-ақ жаңа заңды тұлғаларды құруға байланысты міндеттерді орындауын қамтамасыз етеді;
  11. активтерді бағалау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелермен және сыртқы контрагенттермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  12. ЕТҰ-дағы қоғамға тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқаруға, оның ішінде ЕТҰ-ны қайта ұйымдастыруға және таратуға, ЕТҰ-дағы қоғамға тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін иелену құрылымын қайта құрылымдауға қатысты іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді;
  13. активтерді іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарларының орындалуына және уақтылы өзектендірілуіне мониторинг жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
  14. активтерді сату жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жекешелендіру және қайта құрылымдау жөнінде ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
  15. Департамент иелері болып табылатын шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  16. қоғамның іске асырылатын активтері туралы ақпаратты БАҚ-та орналастыру жөніндегі міндет құзыретіне кіретін Департаментке ұсынуды бақылауды жүзеге асырады;
  17. активтің іске асырылуы туралы ЕТҰ ақпаратының бағытын бақылауды, сондай-ақ қоғамның және ЕТҰ веб-сайттарында өткізілетін активтер туралы берілген ақпараттың уақтылы және толық орналастырылуына мониторингті жүзеге асырады;
  18. қоғамның стратегиясына сәйкес уәкілетті органдардың қарауына қоғамның активтерін таратуға/қайта ұйымдастыруға байланысты іс-шараларды өткізуді, мәселелерді шығаруды қамтамасыз етеді;
  19. активтер есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;
21. активтерді оңтайландырудың, қайта ұйымдастырудың орындылығын бағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

  • Үміткерлерге қойылатын талаптар:
    Жоғары кәсіптік білім (экономикалық, заңгерлік, техникалық)
  • Қызмет бейініне сәйкес кәсіби саладағы кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі.
  • Кадр резервінде тұрған қызметкерлерді және лауазымның функционалдық бағыты шеңберінде Қоғамда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар ішкі кандидаттарды қоспағанда, қызмет бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • M&A мәмілелерін ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі;
  • Жобаларды басқару, жобалар портфелін басқару тәжірибесі;
  • активтерді тәуелсіз бағалауды ұйымдастыру / жүргізу тәжірибесі;
  • акцияларды және қатысу үлестерін басқару, оның ішінде ЕТҰ-ны қайта ұйымдастыру және тарату, акциялар мен қатысу үлестерін иелену құрылымын қайта құрылымдау тәжірибесі;
  • корпоративтік басқару қағидаттарын білу
  • еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару дағдылары.
  • іскерлік хат алмасу дағдылары.
  • мүдделі тараптармен тиімді келіссөздер жүргізу дағдылары



Қажетті қабілеттер

  • 1) Опыт организации и проведения сделок M&A;
  • 2) Опыт проектного управления, управления портфелем проектов;
  • 3) Опыт организации/проведения независимой оценки активов
  • 5) Знание принципов корпоративного управления
  • 6) Навыки управления дочерними и зависимыми организациями.
  • 7) Навыки деловой переписки.
  • 8) Навыки ведения эффективных переговоров с заинтересованными сторонами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман