Жалақыны есептеу жөніндегі менеджер
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.Міндеттері:
келесі бағыттар бойынша аутсорсинг қызметтерін көрсету: жалақыны есептеу және санау, есептелген жалақы бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыстығын бақылау, статистикалық есептілікті дайындау және ұсыну, 200.00 нысанындағы салық есептілігін дайындау және тапсыру, өз есебі шеңберінде шоттар бойынша айналым-сальдо ведомостарын бақылау, банкке тізілімдерді, салықтарды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын дайындау; сұраныс бойынша анықтамалар дайындау және қызметкерлерге жалақы бойынша кеңес беру, шоттар мен төлемдер бойынша бақылау, автоматтандырылған жүйелерде жұмыс істеу, есептілікті қалыптастыру, бастапқы бухгалтерлік құжаттарды сақтау және беру.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
- Кәсіби бухгалтер сертификатының болғаны жөн.
- «Самұрық-Қазына» АҚ тобының ұйымдарында немесе халықаралық ұйымдарда бухгалтерлік есеп және аудит саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексі;
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті бюджет заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық актілер саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
Арнайы және мамандандырылған білім:
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын білу;
- Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі құжаттаманы жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды білу;
- Бухгалтерлік есеп саласындағы заманауи үрдістер мен технологияларды білу;
- Жұмыскерлердің жеңілдіктерінің, әлеуметтік төлемдерінің және ерікті медициналық сақтандырудың нормативтік-құқықтық базасын білу;
- Әлеуметтік жеңілдіктерді басқару процесінің негізгі қағидаларын білу;
- Жетекшілік ететін бағыттар бойынша бөлімнің қызметін реттейтін ҚР заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.
Тілдерді меңгеру: мемлекеттік және орыс тілі.
Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):
- қызметті ұйымдастыра және жоспарлай білу;
- ақпараттық технологиялардың заманауи жүйелерін қолдана отырып жұмыс істей білу;
- тиімді презентация, келіссөздер жүргізу және іскерлік қарым-қатынас жасау;
- MS Office тәжірибелі пайдаланушысы (басымдықта MS Excel, MS PowerPoint);
- командада жұмыс істеу дағдылары;
- серіктестік қатынастарды дамыту;
- ауызша келіссөздер және іскерлік хат алмасу дағдылары;
- іскерлік коммуникация дағдылары (ауызша және жазбаша коммуникация);
- келіссөздер жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу және презентациялар өткізу дағдылары;
- клиентке бағдарлану;
- ЕАЖ бойынша автоматтандырылған жүйелерде жұмыс істеу дағдылары: 1C Кәсіпорын және т.б., Куфиб, ERP.
Құзыреттер (жеке):
- Нәтижеге бағдарлау;
- Командада жұмыс істеу;
- Процестерді талдау қабілеті;
- Тұрақты өзін-өзі дамыту;
- Уақытты басқару дағдыларының болуы;
- Тиімді коммуникация;
- Ұйымдастыру қабілеті;
- Жауапкершілік;
- Өзгерістерді басқару.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар