Бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің бас менеджері

«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
492

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • Есеп саясатын әзірлеуге және оған өзгерістер енгізуге қатысады;
  • Бекітілген учаскелер (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар, жеткізушілер және мердігерлермен есеп айырысулар, еңбекақы бойынша есеп айырысулар, есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар және өзге де учаскелер) бойынша есеп саясатына және ХҚЕС талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізеді;
  • Тиісті учаскелер бойынша бастапқы құжаттарды қабылдайды және олардың толық әрі дұрыс рәсімделуін бақылайды, сондай-ақ оларды есептік өңдеуге дайындайды;
  • Бекітілген учаскелер бойынша шаруашылық операцияларын бастапқы құжаттарға сәйкес бухгалтерлік есеп шоттарында уақытылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді;
  • Үстеме шығыстарды, тікелей және жанама шығындарды жобалар арасында бөлу әдістемесімен жұмыс жасайды;
  • Корпоративтік ақпараттық жүйелерде (1С, SAP, Excel және басқа) жұмыс істейді, есептік модульдердегі деректердің дұрыстығын қамтамасыз етеді;
  • Бекітілген учаскелер бойынша «Периодты жабу» құжатын қалыптастырады;
  • Период жабылғаннан кейін операциялардың көрсетілуін келіседі;
  • Бекітілген учаскелер бойынша бухгалтерлік есеп шоттарындағы қалдықтарды талдайды және бухгалтерлік есептілік қалыптастыру үшін қажет ақпаратты дайындайды;
  • Қаржылық есептілік қалыптастыру мақсатында бекітілген учаскелер бойынша бухгалтерлік есептер мен есептеу кестелерін дайындайды;
  • Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны бойынша есептік калькуляцияларды жасайды, шығындар мен тиімсіздік көздерін анықтайды, оларды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • Контрагенттермен, банктермен және/немесе Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерімен бекітілген учаскелер бойынша салыстыру жұмыстарын жүргізеді;
  • Активтерді, міндеттемелерді және есеп айырысуларды түгендеу жұмыстарын жүргізуге қатысады, анықталған айырмашылықтарды реттеу шараларын қолға алады;
  • Бекітілген учаскелер бойынша салық салу объектілері және/немесе оған байланысты объектілер туралы деректерді қамтитын салық регистрлерін жүргізеді;
  • КГД ақпараттық жүйелері (ИС СОНО, Салық төлеушінің кабинеті, ИС НА) арқылы салықтық есептілікті электрондық түрде дайындайды және тапсырады;
    Камералдық бақылау аясында салық органдарынан келіп түсетін хабарламаларға сәйкес жұмыстарды бақылайды және өңдейді;
  • Жобалық компанияларда салық есебін жүргізеді (ұзақ мерзімді шарттар, қосалқы мердігерлер, резидент еместер, күрделі құрылыс объектілері бойынша ҚҚС);
  • Қаржылық есептілікті бекітілген нысандарға сәйкес қалыптастыруға қатысады;
    ХҚЕС талаптарына сәйкес қаржылық есептілікке арналған түсіндірме жазбаны және Серіктестіктің қаржылық көрсеткіштері бойынша талдамалық мәліметтерді дайындауға қатысады;
  • Есеп саясатына сәйкес кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерін (КСА/КСМ) есепке алады;
  • Өз құзыреті шегінде Серіктестіктің бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
  • Құжат айналымының корпоративтік стандарттарының, ішкі бақылау қағидаларының және іскерлік этиканың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Қызметтік міндеттерді орындау барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды;
  • Бухгалтерлік ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және сақтау жұмыстарын орындайды, деректерді өңдеу үшін пайдаланылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізеді;
  • Жаңа есептік шешімдер мен жаңартуларды тестілеуге және енгізуге қатысады;
  • Лауазымдық міндеттерден туындайтын ДБиНУ басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.


Талаптар:

  • Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе экономика, және/немесе қаржы мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білімі болуы;
  • Қазақстан Республикасының аккредиттелген кәсіби бухгалтерлерді сертификаттау ұйымы берген «Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері» сертификатының болуы міндетті, халықаралық сертификаттардың (DipIFR / ACCA / CIMA) болуы – артықшылық болып табылады. «Салық кеңесшісі» куәлігінің болуы — құпталады;
  • Осыған ұқсас лауазымда немесе бас бухгалтердің орынбасары лауазымында кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі болуы;
  • Сыртқы және ішкі аудиторлық тексерістерден өткен тәжірибесі болуы (Big4 тәжірибесі – артықшылық);
  • Қаржылық және салықтық есептілікті қалыптастыру, қазынашылық операцияларды жүргізу, ХҚЕС және бухгалтерлік есепке арналған бағдарламалық өнімдермен (1С, SAP, Excel және т.б.) жұмыс істеу тәжірибесі;
  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін кәсіби деңгейде, іскерлік коммуникация жүргізу деңгейінде меңгеруі.

Шарттар:
5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)