Екібастұз қ., түйіндеме 2023ж.03.10. дейін қабылданады. "KEGOC" АҚ "Солтүстік ЖЭТ" филиалының Оңтүстік аумақтық электр тораптарының Өндірістік-техникалық тобының 2-санатты инженері уақытша
1) ОАЭТ персоналымен жұмыс істеудің тоқсандық жоспар-кестесін жасайды;
2) ОАЭТ ай сайынғы және жылдық жұмыс жоспарын жасайды;
3) Профилактикалық пайдалану жұмыстарының (бұдан әрі - ППЖ) орындалуы туралы ай сайынғы жоспар-есеп жасайды;
4) ОАЭТ-тың 220 кВ қосалқы станцияларының (бұдан әрі - ҚС) жабдықтары жұмысының сенімділігін арттыру жөніндегі, ЕҚ, көктемгі су тасқыны мен найзағай маусымының өтуін дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады. Олардың орындалуы туралы есеп береді;
5) акті-ұйғарым бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы есепті ұсынады;
6) резервте тұрған еңбеккер лауазымына даярлаудың жеке жоспарын әзірлейді;
7) ОАЭТ электр желілік объектілерінде жоспарлы жөндеу және ППЖ-дың жылдық кестесі негізінде және қолданыстағы технологиялық карталарға сәйкес айларға, тоқсандарға бөле отырып, белгіленген нысан бойынша ОАЭТ-тың 220 кВ ҚС жабдығына ППЖ және техникалық қызмет көрсету бойынша жылдық жоспар-көлемді құрайды;
8) белгіленген нысан бойынша айлар бойынша бөле отырып, өзге де негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсетудің жылдық жоспар-көлемін жасайды;
9) ОАЭТ-тың 220 кВ ҚС жабдығына ППЖ жүргізуге, басқа да негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсетуге, ОАЭТ 220 кВ ҚС-қа қызмет көрсетуге арналған қол құрал-саймандары мен құрылғыларды ауыстыруға ақаулық актілерді ресімдейді;
10) ОАЭТ-тың 220 кВ ҚС жабдығына жөндеу, ППЖ-ды жүргізу үшін, ОАЭТ-тың өзге де негізгі құралдарына, ғимараттар мен құрылыстарына, электр желілік объектілеріне техникалық қызмет көрсету үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарға қажеттіліктің жылдық өтінімін жасайды;
11) Бухгалтерияға негізгі құралдарды есептен шығаруға арналған құжаттар топтамасын (негізгі құралдардың техникалық жай-күйін куәландыру актісі, материалдарды бақылау-өлшеу актісі, негізгі құралдарды есептен шығарудан түскен материалдардың құнын бағалау актісі, негізгі құралдарды шығаруға (есептен шығаруға) арналған акті, № ДА-3 үлгілік нысан) ресімдейді және ұсынады;
12) жөндеу, ППЖ жүргізілгеннен кейін электр желілік объектіні қабылдау актілерін жасайды;
13) ай сайын бухгалтерияға ППЖ-ға, электр жабдықтарына, ғимараттар мен құрылыстарға, өзге де негізгі құралдарға техникалық қызмет көрсетуге, электр жабдықтарын жөндеуге пайдаланылған тауарлық - материалдық қорларды (бұдан әрі-ТМҚ) есептен шығару бойынша құжаттарды ресімдейді және ұсынады;
14) «System Analysis and Program Development Enterprise Resource Planning Plant Maintenance (Enterprise Asset Management)» автоматтандырылған басқару жүйесінде ТМҚ (ай сайын) есептен шығару бойынша актілерді ресімдейді;
15) Филиал қоймаларындағы және ОАЭТ материалдық-жауапты тұлғасының есебіндегі ТМҚ қозғалысын және уақтылы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
16) қызметкерлердің жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік және ЕҚ жөніндегі ережелердің, нұсқаулықтардың талаптарын сақтауын және қауіпсіз тәсілдерді қолдануын қамтамасыз етеді;
17) жабдықтардың жай-күйі, ЕҚ, ҚТЕ және өндірістік санитария ережелерінің бұзылуы туралы журналдардағы жазбаларды қарайды, шараларды айқындайды және инженердің құзыретіне кіретін бұзушылықтарды жоюға тапсырма береді.
18) қауіпсіздік техникасы күнін (бұдан әрі - ҚТК) өткізу жөніндегі ОАЭТ комиссиясының жұмысына қатысады;
19) қол қойылған ҚТК өткізу актісін ресімдейді және Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметіне (бұдан әрі - ЕҚжӨҚҚ) ұсынып береді;
20) ҚТК өткізу кезінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдары жоспарының сканерленген электрондық нұсқасын әзірлейді және ЕҚжӨҚҚ-ке ұсынады;
21) ҚТК-де анықталған Қағидалар, НТҚ талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылайды;
22) ҚС мастері болмаған кезеңде (демалыс, іссапар, уақытша еңбекке жарамсыздық, бос жұмыс орны) ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету, өрт қауіпсіздігі бойынша, қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық жағдайлары және ЕҚ жөніндегі материалдарға өтінімдер және құжаттамаларды ресімдеу бөлігінде ҚС мастерін алмастырады.Талаптар:
- Білім деңгейі-жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- Диплом бойынша мамандығы (бағыты) - Электр энергетика;
- Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі-санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар