Кеңсе менеджері

"Samruk-Green Energy" ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
1471

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Телефон қоңырауларына жауап береді, қызметтік ақпаратты тіркейді және «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің Бас директоры мен қызметкерлеріне береді.
  • «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің құжат айналымын қамтамасыз етеді: кіріс және шығыс хат-хабарлар, құжаттарды тіркеу, есепке алу, сақтау, мұрағаттау.
  • Бас директордың қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды, оны қабылданған шешімге сәйкес жұмыс процесінде пайдалану не жауаптар дайындау үшін нақты орындаушыларға береді.
  • Көшіру-көбейту жұмыстарын орындайды.
  • Ағымдағы қызмет мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалармен әртүрлі байланыс түрлері (телефон, факс, электрондық пошта және т.б.) арқылы жедел байланыс жасайды.
  • «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің келушілері мен қонақтарының кездесулерін, қабылдауларын ұйымдастырады.
  • Қызметкерлердің іссапарларын ұйымдастырады: әуе және теміржол билеттеріне тапсырыс береді, қонақүйлерге тапсырыс береді және іссапар куәліктерін жасайды.
  • Кеңсе жабдықтарының, коммуникациялардың тиісті жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Офистік ұйымдастыру техникасы мен өзге де жабдықтардың ақаулары анықталған кезде жөндеу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсетудің өзге де түрлерін жүргізу үшін мамандарды шақырады.
  • Курьер арқылы хат-хабарларды шақыруды және жөнелтуді жүзеге асырады және олар бойынша есептер жасайды.
  • Бас директордың қол қоюына құжаттар мен жеке өтініштерді қабылдайды.
  • Бас директор өткізетін отырыстар мен кеңестерді дайындау бойынша жұмысты орындайды (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты мен орны, күн тәртібі туралы хабардар ету).
  • Бас директордың жұмыс орнын ұйымдастыру техникасының қажетті құралдарымен, кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етеді, Бас директордың тиімді жұмысына ықпал ететін жағдайлар жасайды.
  • Бас директордың тапсырмасы бойынша хаттар, сауалдар, басқа да құжаттар дайындайды, хат авторларына жауап дайындайды.
  • Қажет болған жағдайда мәтіндерді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне, ағылшын тілінен орыс тіліне, орыс тілінен ағылшын тіліне аударады.
  • Бас директордың телефон арқылы сөйлесулерін өткізуді ұйымдастырады, ол болмаған кезде алынған ақпаратты жазады және мазмұнын оның назарына жеткізеді, қабылдау-келіссөздер құрылғылары (телефакс, телекс және т.б.), сондай-ақ телефонограммалар бойынша ақпаратты береді және қабылдайды, байланыс арналары арқылы алынған ақпаратты оның назарына уақтылы жеткізеді.
  • Бас директордың жұмысына қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды.
  • Жетекшілік ететін позициялар (кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлар, ауыз су және т. б.) бойынша әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстарын жинауды және талдауды қамтамасыз етеді.
  • Мұрағатқа түскен құжаттамалық материалдардың сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Істерді жүйелеуді, орналастыруды және есепке алуды бақылайды.
  • «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің номенклатуралық ісін әзірлеуді жүргізеді.
  • Құжаттарды қалыптастыру, ресімдеу, оларды мұрағатқа беру жұмыстарын жүргізеді.
  • Тұрақты және уақытша сақтау бірліктерінің жиынтық тізімдемесін, сондай-ақ құжаттамалық материалдарды мемлекеттік сақтауға беру, мерзімі өткен материалдарды жоюды есептен шығару үшін актілерді дайындайды.
  • Мұрағаттық құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау жөніндегі жұмысқа қатысады.
  • Мұрағат көшірмелері мен құжаттарын береді, мұрағат құжаттарында бар мәліметтер негізінде қажетті анықтамалар жасайды, сұрауларға жауаптар дайындайды және олардың есебін жүргізеді, мұрағат жұмысының есебін жасайды.
  • Бас директордың нұсқауы бойынша «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің қызметіне байланысты іскерлік келіссөздерге, конференцияларға қатысады.
  • «Samruk-Green Energy» ЖШС-нің қызметкерлеріне виза, шақыру қағаздарын ресімдейді.

Талаптар:

  • Біліктілікке қойылатын талаптар:

    Білім деңгейі

    Орта техникалық және/немесе жоғары білім

    Білім профилі

    Экономикалық, инженерлік-техникалық және/немесе гуманитарлық

    Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні), жылдар

    Кем дегенде 1 жыл.

    Қосымша талаптар

    Тілдерді білу:

    Орысша - тамаша

    Қазақша - тамаша

    Ағылшын – Intermediate деңгейінен төмен емес

Қажетті қабілеттер

  • Ведение архива
  • Ведение делопроизводства (владение ЭДО, ведение номенклатуры дел, архивация документов)