Коммерциялық келісімшарттар жөніндегі жетекші маман (Келіссөздер жүргізу)

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
2059

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • стратегиялық жоспарлау және бизнесті дамыту жөніндегі директорға және геологиялық барлау және өндіру туралы келісімдер жөніндегі менеджерге коммерциялық шаралар мен келісімдер арқылы 2А және 2В кезеңдері жобасын әзірлеу бойынша қолдау көрсету;
  • Акционерлердің барынша мол пайдаға қол жеткізулері үшін 2А және 2В кезеңдері жобасы мен геологиялық барлау және өндіру туралы келісімдер жөніндегі менеджермен тағайындалған өзге де жобалар бойынша коммерциялық және бизнесті дамыту стратегиялары мен шараларын әзірлеу, басқару және жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу; тиісті ішкі мүдделі тараптармен коммерциялық стратегия әзірлеу және жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесу, олардың бөлімшелер арасында келісілуін қамтамасыз ету және коммерциялық стратегияны жүзеге асыруға қажетті келісім және/немесе келісім пакетін дайындау нұсқаулықтарын анықтау;
  • жобаның жетекші маманымен (немесе жоба менеджерімен) келісе отырып, шешім қабылдау кезеңдерінде коммерциялық аспектілерді басқару арқылы 2А және 2В кезеңдері жобасын (немесе өзге де жобаларды) басқарудың коммерциялық құрылымын әзірлеу және 2В кезеңі жобасын (немесе өзге де жобаларды) жүзеге асыру үшін келіссөздер жүргізіп, коммерциялық келісімдерді орындау;
  • үшінші тараптармен, оның ішінде мемлекеттік органдармен және «PSA» ЖШС-мен қажетінше келіссөздер жүргізу және 2А және 2В кезеңдері жобасын (немесе өзге де жобаларды) жүзеге асыруға қажетті мәмілелер жасау;
  • 2А және 2В кезеңдері жобасын, коммерциялық және бизнесі дамыту стратегиясын жүзеге асыру үшін сан алуан ішкі және сыртқы мүдделі тараптармен нәтижелі түрде қарым-қатынас жасау;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • Заң, коммерция, қаржы және экономика саласында жоғары білім туралы диплом
  • мұнай және газ саласында кемінде 6-8 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • өзгелерге ықпал ету және ынталандыру дағдысы, мүдделі тараптармен қарым-қатынасты басқару бойынша мол тәжірибесі болуы тиіс.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • мұнай-газ саласындағы коммерциялық немесе заң мәселелері мен келісімшарттар бойынша біліктілігі; сан алуан күрделі және өзара байланысты мәселелерді тез түсіне білуі;
  • түрлі салалар бойынша жұмыс істеу, ұйымдағы көп бейінді топтарға жетекшілік ету;
    техникалық, коммерциялық және жұмысты басқару мәселелеріне қатысты көптеген мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу дағдылары;
  • келіссөздер жүргізу және ықпал ету дағдылары;
  • мердігерлік келісімдер мен коммерциялық жоба бойынша терең білімі мен тәжірибесі;
  • топ құрамында жұмыс істеу, күрделі зерттеулерге немесе өзге салаларда іске асырылатын процестерге жетекшілік ете білу немесе қатысу;
  • әр алуандылықты бағалап, әр алуан топта сезімталдық танытып, жұмыс істей алуы тиіс;
  • өз бетімен жігерленіп жұмыс істеу және алдына қойған мақсаттарына жету дағдылары болуы тиіс;
  • өзгерісті анықтау және жүзеге асыру қабілеті болуы керек;
  • бірнеше ақпарат көздерін талдауға және біріктіруге қабілетті болу;
  • мәселелерді анықтау және шешу дағдылары;
  • ағылшын тілін жазбаша және ауызша жетік меңгерген болуы тиіс; орыс тілін білгені артықшылық болып саналады.

Қажетті қабілеттер

  • разработка, управление и реализация стратегии
  • взаимодействие с госорганами

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)