Жетекші дәнекерлеу инженері

563000 - 562999 KZT
"ПМХЗ" ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
1510

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалдығы:
- дәнекерлеу жұмыстарының және термиялық өңдеудің сапасын бақылау. Дәнекерлеу жұмыстарына технологиялық дайындықты жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметін үйлестіру;
- стандартты емес дәнекерлеу жұмыстарының технологиялық карталары мен нұсқауларын әзірлеу, мердігерлер әзірлеген дәнекерлеу жұмыстарының технологиялық карталарын бекіту;
- дәнекерлеу жұмыстарын технологиялық дайындау және орындаудағы ғылыми-техникалық жетістіктерді, озық тәжірибені зерделеу және енгізу;
- дәнекерленген қосылыс сапасына байланысты авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеуге қатысу;
- дәнекерлеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу ережелерінің қатаң сақталуын бақылау, берілген нұсқауларды белгіленген мерзімде жою.

Біліктілік талаптары:
- мұнай өңдеу және мұнай химиясы, материалтану және металлургия мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- құрастыру және дәнекерлеу жұмыстары саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жөндеу, дайындау, монтаждау, дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзу және дәнекерлеу жiктерiн термиялық өңдеу кезiнде басқаруға және техникалық бақылауға рұқсат ете отырып, III деңгейден кем емес дәнекерлеу өндiрiсi маманының сертификатының болуы .

Білім мен дағды:
- кәсіпорында дәнекерлеу жұмыстарын ұйымдастыруды, дәнекерлеу жабдығының конструктивтік ерекшеліктері мен жұмыс режимдерін, оны пайдалану ережелерін, дәнекерлеу ақауларының түрлерін, оларды жою әдістерін және сапаны бақылаудың бұзылмайтын әдістерін білу;
- технологиялық құбырлар, бу құбырлары, қысымды ыдыстар және т.б. стандарттарын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр