Монобрендті сату арнасын дамыту жөніндегі аумақтық менеджер
ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.- Құрылған күні:
-
20.09.2023
- Берілген өтінім:
- 2
- Қаралған саны:
- 916
Қойылатын талаптар:
· Білімі: Жоғары Телекоммуникация саласындағы жұмыс тәжірибесі немесе бұқаралық нарықпен жұмыс тәжірибесі (қызметтерді көрсету саласында) кем дегенде 3 жыл;
· Телекомда/FMCG-де сату саласындағы жұмыс тәжірибесі – кем дегенде 3 жыл;
· Компанияның есептік жүйелерін 1-С, биллинг жақсы білу;
· Монобрендтердің жұмыс принциптерін, қызмет көрсету және сату процедураларын білу;
· Қызметкерлерді оқыту мен оларға мотивация берудің түрлерін білу;
· Азаматтық құқық негіздерін және байланыс саласында қолданылатын заңнаманы білу (Байланыс туралы заң, Ұялы байланыс қызметін көрсету ережелері);
· Қойылған мақсаттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін, өзара қарым-қатынастарды орнату және кросс-функционалды байланыстарды ретке келтіру қабілеті;
· Ұялы байланыс нарығын, ҚР FMCG білу;
· Клиенттермен жұмыс тәжірибесі;
· Келіссөздерді жүргізу тәжірибесі;
· Құжаттармен жұмыс тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттері:
· Сату қызметінің жоспарларына, Коммерциялық дирекцияға және Компанияның стратегиясына сәйкес монобрендті желінің дилерлік кеңселерін дамыту және кеңейту бойынша стратегиялық жоспарлауға қатысу: орта және ұзақ мерзімді жоспарларды айқындау, бюджетті дайындауға қатысу;
· Дилерлік монобрендті бөлшек сауда нүктелерінің желісін ұйымдастыру: Стратегиялық жоспарға сәйкес келісу, ашу, талдау;
· Жоспарланған сату көлемін қамтамасыз етуге бағытталған дилерлік монобрендті бөлшек сауда орындарында сату жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;
· Компанияның негізгі және қосымша өнімдерінің сатылымын және орташа чегін ұлғайту арқылы дилерлік сауда нүктелерінің маржасын ұлғайту, бәсекелестердің дилерлік сауда желілерін бақылау (нүктелер санын, сауда шарттарын, өнімдерін және т. б);
· Арнаның сатылымы мен маржасын ұлғайту мақсатында сауда талаптарын, дилерлік франшиза шарттарын өзгертуді бастау;
· Компания дилерлерімен өзара тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету;
· Монобрендті желідегі дилерлік кеңселердің сату бойынша жоспарлы көрсеткіштерін бөлуге қатысу және олардың орындалуын бақылау;
· Дилерлік кеңселердің сатылымы мен кірісін арттыруға бағытталған бастамаларды әзірлеу;
· Дилерлік сауда нүктелерінде шығындарды азайтуға бағытталған бастамаларды әзірлеу;
· Монобрендті дистрибуциядағы негізгі өнім түрлерін ілгерілету және орналастыру;
· Әртүрлі мотивациялық бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу және олардың жүргізілуін бақылау;
· Есептердің қажетті түрлерін жасау, жүргізу және ұсыну;
· Дилерлік франшиза бойынша өнім портфелін дамыту;
· Өңірлік сату кеңселерінің қызметкерлерімен бірлесіп далалық сапарларға қатысу;
· Супервайзерлерді өз бөлшек саудасымен жұмыс істеуге, келіссөздер жүргізуге, аудит жүргізуге, салон серіктестері мен қызметкерлерінің жұмысын бақылауға үйрету;
· Сатуды технологиялық қамтамасыз етуге байланысты шығындарды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру, өткізуді экономикалық ынталандыру жүйесін қалыптастыру;
· Маркетингтік бағдарламаларды, қызмет көрсету шарттарын және маркетингті монобрендті бөлшек сауда дилерлерімен келісу, сондай-ақ оларды заң, ұйымдастыру, қаржы және маркетингтік қызметтермен келісу;
· Бөлімнің және Қызметтің процестерін оңтайландыруға бағытталған кросс-функционалдық жобаларға қатысу;
· Сеніп тапсырылған бөлімшенің персоналын басқару, міндеттерді бөлу, бақылау, персоналды дамыту;
· Монобрендті арна үшін өнімдерге, қызметтерге, телефондарға ассортименттік саясатты айқындауға қатысу;
· Топтың KPI көрсеткіштерін бақылау және көрсеткіштер рұқсат етілген мәндерден ауытқыған жағдайда қажетті шараларды қолға алу;
· Тиімді жұмыс процесін қамтамасыз ету мақсатында KPI белгіленген көрсеткіштерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың, ережелердің және бірыңғай қызмет көрсету рәсімдерінің орындалуын бақылау;
· Топтың KPI көрсеткіштері нысаналы мәндерден ауытқыған жағдайда және/немесе апатты жағдайларда қолда бар нұсқаулықтарға сәйкес дереу қажетті шараларды қолға алу;
· Егер қабылданған шаралар нәтиже бермесе, бұл туралы басшыға дереу хабарлау және болашақта мұндай жағдайды болдырмауға қажетті шараларды қолға алу;
· Оқиғалардың есебін жүргізу, техникалық іркілістерді, топ жұмысының KPI нысаналы мәндерден елеулі ауытқу жағдайларын тіркеп алу;
· Бизнес-процестерді жетілдіру және жұмыс нұсқаулықтарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды жіберу.
Біз не ұсынамыз:
· Жылдық лайықты сыйақы;
· Корпоративтік ұялы байланыс;
· 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
· Қосымша медициналық сақтандыру;
· Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
· MyBook-ке тегін жазылу;
· Корпоративтік фитнес қызметтерін ұсыну;
· Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.