Қауіпсіздік департаментінің менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ішкі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын және орындалуын бақылау;
- Ақпараттық қауіпсіздік саясатының сақталуын кедергісіз бақылау;
- Қоғам қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтау туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
- Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы іс-шараларға (конференцияларға, семинарларға) қатысу, Қоғамда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің соңғы құралдары мен әдістерін енгізу мақсатында кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығымен өзара іс-қимыл жасау;
- Тиімділігін арттыру және оны қорғау бойынша жұмысты жақсарту мақсатында ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен әдістерін қолданудағы басқа компаниялардың тәжірибесін зерделеу және жинақтау;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы анықталған бұзушылықтар фактілері, оның ішінде коммерциялық құпияны жария ету фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізу;
- Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты оқиғаларды, инциденттерді тіркеу, жинау, сақтау, өңдеу;
- Ақпараттық жүйелерге қол жеткізуді бақылау және басқару, деректердің ағып кетуімен күресу (DLP) жүйелерін бақылау;
- Қоғамда құпия ақпаратты қорғауға байланысты қажетті жұмыстарды жүргізу;
- Жұмыс уақытында Қоғам қызметкерлерінің корпоративтік ақпараттық жүйелерді пайдалануын бақылау;
- Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік ішкі құжаттарын жетілдіру және әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
- Басқарманың және/немесе Қоғамның қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіру және/немесе әзірлеу және өзектендіру бойынша Бөлім құзыретіне жататын қызмет бойынша ұсыныстар енгізу;
- Тікелей басшысы, бас менеджері және Қоғамның ішкі құжаттары жүктеген өзге де міндеттерді орындау;
- Жоғары басшылықтың басқа да нұсқауларын орындау.
Талаптар:
- Жоғары кәсіптік білім (лауазым бейініне сәйкес);
- Мамандық бойынша жұмыс өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын қоспағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда 1 (бір) жылдан кем емес. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы;
- Лауазымның мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді білу.
Шарттары:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тіркеу;
- Жұмыс уақыты 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
- Әлеуметтік пакет, мат. демалыста көмек көрсету;
- KPI көрсеткіштерін қанағаттандыру үшін бонустық төлемдер.
Ұқсас вакансиялар
Региональный менеджер г.Астана Управление внутренней безопасности филиала "Общий центр обслуживания" АО "Казпочта"
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
15.12.2025 | 521
Қауіпсіздік Департаментінің жетекші менеджері
«Инкай» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
11.12.2025 | 465
Региональный менеджер г.Алматы (дислокация г.Актобе) Управление внутренней безопасности филиала АО "Казпочта" "Общий центр обслуживания"
«Қазпошта» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе қ.
15.12.2025 | 191