ТЧЭ-18 өндірістік-техникалық бөлімі 1 санатты инженер-бағдарламашы "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС Нод-3 Павлодар пайдалану локомотив депосы (ЖТ Павлодар бөлімшесі)

286739 - 303779
ТЧЭ-18 ПАВЛОДАРСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 2 группы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1098

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Депода ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді және байланысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша іс-шаралардың жылдық және перспективалық жоспарларының жобаларын қалыптастыру және оларды бекітуге басшылыққа депо-да Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді және байланысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша іс-шаралардың жылдық және перспективалық жоспарларының жобаларын бекітуге ұсыну
  • Байланыс және бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерін жеткізушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау, ұйымдастыру техникасын жөндеуді және картридждерді толтыруды орындау
  • Ұйымдастыру техникасы мен телекоммуникациялардың тұрақты жұмысына байланысты жұмыстарды орындау
  • Ақпараттық байланыс, бағдарламалық қамтамасыз ету, телекоммуникация және ұйымдастыру техникасы жұмыстарының сапасының нашарлауына әкелетін себептерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу
  • Байланыс, бағдарламалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру техникасын жөндеу қызметтерін жеткізу шарттарын жасасу шарттарын келісуге қатысу
  • Дербес компьютерлер мен басқа да кеңсе техникаларын паспорттау және есепке алу
  • Байланыс және бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерін, ұйымдастыру техникасын ұстау және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша бюджетке өтінім беру
  • Дайын бағдарламалық жүйелер мен құралдарды пайдалану мүмкіндігін енгізу, енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеуді жүзеге асыру
  • Жарамсыз және ескірген кеңсе техникасын есептен шығаруға өтінімдер мен актілерді дайындау
  • Корпоративтік есептеу желісінің автоматтандырылған жүйелеріне қосылуға өтінімдерді ресімдеу
  • Телефон нүктелерін қосуға және ажыратуға;
  • Өтінім ресімдеу, байланыс желілерін жөндеуге өтінім беру
  • Филиалдың ұйымдастыру техникасының, радио және телефон байланысы мен бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру;
  • Жергілікті есептеу желісін әкімшілендіру бойынша жұмыс жүргізу;
  • WINDOWS операциялық жүйелерін, Microsoft Office бағдарламаларының базалық кешенін, Асудкр, АСИОММ, АСУЭДТ, АСУЭММ, Гид Орал, САР, ЭДО орнату және сүйемелдеу бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Қолда бар ұйымдастыру техникасының, байланыс құралдарының (телефон, интернет және т. б.), бағдарламалық қамтамасыз ету жабдықтарының жай-күйін бақылау;
  • Есептеу техникасының, ақпаратты қабылдау және беру құралдарының тиімді жұмысын және ақауларды уақтылы анықтауды және оларды жоюды қамтамасыз ету;
  • Депода ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Біліктілік талаптары:
  • Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандық: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: Кем дегенде 2 жыл, оның ішінде жақсырақ машинист / машинист көмекшісі лауазымындағы жұмыс тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр