Газды өңдеу және дайындау басқармасының жетекші маманы (аутстаффинг)

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
81

Қаралған саны:
1437

   Конкурс туралы
Талаптар:
Білімі:
- Жоғары техникалық/мұнай-газ;
- Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің/МВА/ басқасының болуы (лазым).
Кәсіби саладағы немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс тәжірибесі:   
- Мұнай және газ өнеркәсібі саласында кемінде 4 жыл.
Мемлекеттік және/немесе ағылшын тілдерін білуге қойылатын талаптар: - Мемлекеттік және орыс тілдерін (міндетті), ағылшын тілін (лазым) меңгеру.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Нормативтік құқықтық актілер туралы заң, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі, Акционерлік қоғамдар туралы заң, Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы заң, Табиғи монополиялар туралы заң, Газ және газбен жабдықтау туралы заң);
2) Өндірістік-қаржылық қызметке мониторинг және талдау жүргізу;
3) Тәуекелдерді басқару жүйесінің және ішкі бақылау жүйесінің негіздері саласында;
4) GRI жүйесінің тұрақты даму қағидаттары саласында;
5) Сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, орнықты даму, ақпараттық қауіпсіздік саласында;
6) Өрт және экологиялық қауіпсіздік саласында;
7) Жобаларды басқару саласында.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1) Заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс (Microsoft Office, Word, Excel бағдарламалары және т.б.);
2) Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау;
3) Коммуникация дағдылары;
4) Келіссөздер жүргізу дағдылары;
5) Жобаларды басқару;
6) Тәуекелдерді талдау және бағалау;
7) Бизнес-процестерді модельдеу;
8) Есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану;
9) Мемлекеттік және орыс тілдерін (міндетті), ағылшын тілін (лазым) меңгеру.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
1) «Samruk Business Academy» ЖМ-мен еңбек қатынастары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
2) "ҚазГӨЗ" ЖШС-нің өндірістік қызметіне және жетекшілік ететін газ жобаларына мониторингті, өндірістік жоспарларды түзетуді және келісуді, оның ішінде бюджеттер мен бизнес-жоспарды қалыптастыру шеңберінде және олар бойынша қорытынды дайындауды жүзеге асырады; ҚМГ жетекшілік ететін ЕҰ-ның тұрақты өсуін қамтамасыз ету мақсатында ай сайынғы жедел деректер мен газ өндіру жөніндегі есептерді талдау және басшылық үшін қорытындылар дайындау;
3) Жобаны тиімді іске асырудың оңтайлы тетігі мен кезеңдерін әзірлеу мақсатында іске асыруға жоспарланған жетекшілік ететін жобалардың жоспарларын дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді; сатып алу рәсімдерін жүргізеді, тендерлік комиссияларға қатысады және қажет болған жағдайда ішкі сатып алу рәсімдерін сүйемелдейді және үйлестіреді;
4) Іске асыру мерзімдері бөлігіндегі тәуекелдерді анықтау және басшылыққа есептерді дайындау мақсатында белгіленген мерзімдерден ауытқуларды анықтау үшін қадағаланатын газ жобаларының уақтылы орындалуына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді;
5) ЕҰ активтерін басқару мәселелеріне жетекшілік етеді, ҚМГ ЕҰ өзекті мәселелерін қарау үшін Активтерді басқару жөніндегі жұмыс топтарының отырыстарына қатысады, коммуникацияларды жақсарту және біркелкі тиімді шешімдер қабылдау мақсатында ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
6) Газ балансының мониторингін жүргізеді;
7) Жетекшілік ететін ҚМГ ЕҰ және ББК Байқаушы кеңесіне (газды қайта өңдеу жөніндегі жобаларға), ҚМГ Инвестициялық комитеттеріне, сондай-ақ ЕҰ және ББК бюджеттік және өндірістік бағдарламаларына шығарылатын материалдарды қарайды және функционал шеңберінде ұсыныстар мен ескертулер енгізеді, ұсынымдарды келіседі және ұсынады;
8) ҚМГ және ҚМГ ЕҰ/ББК қызметіне елеулі әсер ететін жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қордың, мемлекеттік органдардың, бөгде ұйымдарының, ҚМГ ЕҰ және ББК-ның өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және бақылайды;
9) Басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары басшылықтың отырыстарына ақпараттық, талдамалық және презентациялық ақпаратты, материалдар мен есептерді дайындайды;
10) Блок басшылығының және Басқарманың өзге де тапсырмалары мен тапсырыстарын орындайды.


Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр